13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫН ӨЗАРА КЕҢЕЙТУГЕ ЖӘНЕ ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛДАУДЫ АРТТЫРУҒА КЕЛІСТІ

2 ноября, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫН ӨЗАРА КЕҢЕЙТУГЕ ЖӘНЕ ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛДАУДЫ АРТТЫРУҒА КЕЛІСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында үкіметтер басшыларының орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысы өтті.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары өз сөзінде екі ел арасындағы сындарлы диалогты құрудағы үкіметаралық комиссияның тиімділігін атап өтті.
Серік Жұманғарин Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 9,5%-ға өсіп, $27 млрд-қа жеткенін атап өтті. 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда көлемі $17 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға жоғары.
Бүгінде ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасына құйған қаржы көлемі бойынша басты инвесторлардың бестігіне кіреді, соңғы 17 жылда ресейлік инвестициялар ағыны $19 млрд-ты құрады. Өз кезегінде Ресейге қазақстандық инвестициялар $5,6 млрд-тан асты.
Отырыста тараптар көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын, оның ішінде екі ел аумағы бойынша транзиттік тасымалдарды ұлғайтудың, автожол инфрақұрылымын бірлесіп дамытудың және Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Отырысқа қатысушылар ауыл шаруашылығы саласында екі елдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау саласында ақпараттық интеграциялау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігіне назар аударды.
Ресей тарапы өз кезегінде цифрлық саладағы өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық білдірді.
«Цифрландыру саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының зор әлеуетіне сенімдіміз. Ақпараттық технологиялар жөніндегі комиссия шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыруға үміттіміз. Бүгінде ресейлік маркетплейстерде шамамен 120 мың қазақстандық жеткізуші тіркелген және олардың саны артып келеді. Осылайша, елдің логистикалық инфрақұрылымы мен жергілікті кәсіпкерлік дамуда», — деп атап өтті Алексей Оверчук.
Отырыста тараптар электр қуаты және мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларын талқылады, бірқатар жаңа бастамаларға назар қойды.
Әуе көлігі саласында да Қазақстан мен Ресей өзара әуе қатынасын кеңейтуге келісті. Атап айтқанда, тараптар QAZAQ AIR компаниясының Новосибирск пен Челябинск қалаларына ұшу санын арттыруға уағдаласты.
Жиынға қатысушылар Ресей тарапынан ағаш материалдарын шығаруға шектеу шаралары туралы да мәселе қозғады. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан-Ресей шекарасында аталған өнімді Қазақстан Республикасына шығару үшін тағы 4 өткізу бекетін белгілеу мәселесін пысықтау туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар ресейлік тарап РФ Үкіметінің №312 қаулысына сәйкес қазақстандық компаниялардың меншігіндегі және аумаққа уақытша әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібін таратпау мүмкіндігін қарастырады.
Отырыс соңында, Серік Жұманғарин екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға дайын екенін жеткізді. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар Үкіметаралық комиссияның 24-ші отырысының хаттамасына қол қойды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 80 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН ОҚУШЫЛАР ҮЙІ САЛЫНУДА

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІН БЕЙНЕЛЕЙТІН КИІЗ ҮЙ ТІГІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі