13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады

17 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы мәслихатының құрамы 70 пайызға жаңарады
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында белгілі болды. Конференцияны облыс әкімі, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жүргізіп, биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті.

«Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет жаңа форматта өткізілген праймериздің қорытындысы бойынша партиямыз тегеурінді тұлғалармен толықты. Сіздер депутаттыққа үміткер ретінде саяси додаға қатысқалы отырсыздар. Қалың елдің, партияластардың қолдауымен осындай мүмкіндікке ие болдыңыздар. Сондықтан сенімді ақтауға міндеттісіздер. Сіздердің қызметтеріңіз Түркістан облысының дамуы мен өркендеуіне зор ықпал етеді деген ойдамын!», – деді ол.

Конференцияның күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды. Олар: Партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту; Пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру; Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту; «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХX Съезіне делегаттарды сайлау.

Сайлау туралы жаңа заңға және партияның праймериз қортындысына сәйкес, алдағы сайлаудан кейін Түркістан облыстық мәслихаты кемінде 80 пайызға өзгеріске ұшырайды деген болжам бар.

2021-2026 жылдар арасында, яғни, 7 шақырылымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі деп күтілуде. Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихатқа жіберілсе, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. Жиында облыстық мәслихат депутаттығына партиясы атынан ұсынылған үміткерлер тізімін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев таныстырды. «Nur Otan» партиясы 45 орынға 84 кандидаттың тізімін ұсынып, ол бірауыздан бекітілді.

Бұған дейін облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың небәрі 1-еуі ғана әйел депутатқа тиесілі болса, енді әйелдердің саны 30 пайызға дейін артады. Ал қазіргі шақырылымда 35 жасқа дейін бірде-бір депутат жоқ болса, енді ол 20 пайызға артпақ. Оған қоса алдыңғы шақырылымдағы 45 депутаттың 24-і бұл саяси додадан қалыс қалып отыр. Мәслихаттың 50 пайызы әйелдер мен жастар арқылы жаңарып, қалған тобы праймеримз қорытындысы бойынша үздік атанғандармен толығады. Яғни, облыстық мәслихат кемінде 70 пайызға жаңарады.

Жиында «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы делегаттардың қолдауымен бекітілді. Туристік және рухани орталық, агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсібі дамыған жоғары транзиттік аймақ болғандықтан «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында жоғарыда аталған салаларға ерекше мән берілді. Тарихи қалада қызметтік сервис сапасын арттыру, туризм нысандарын дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіру бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Бағдарлама ашық көздерде жарияланып, праймериз кезінде бір жарым ай кең көлемде талқыланды. Осы уақытта аймақ тұрғындарынан 564 аманат пен ұсыныс түсті. Оның ішінде 99,6%-ы (562) сайлауалды бағдарлама жобасына қатысты ұсыныстар. Олардың 77%-ы (430) партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламалары жобаларында қарастырылған. 8% (46) ұсыныстар жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен қызмет көрсететін кәсіпорындар арқылы жедел шешілді. Қалған 15% (86) ұсыныстар партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламаларының жобаларына 7 бағыт бойынша қосымша енгізілді.

Конференцияда сайлау алдындағы штаб басшысы мен екі орынбасарының кандидатурасы ұсынылды. Штаб басшысы болып Б.Тәжібаев сайланды. Сонымен бірге  «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХX съезіне қатысатын 30 делегат та сайланып, тізімі бекітілді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте рота командирлері сынақ тапсырды

Next Post

Түркістан облысы қылмыс аз жасалатын аймақтар қатарында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі