13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ботулизмнің алдын алу

17 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Ботулизмнің алдын алу
Share on FacebookShare on Twitter

Консервіленген тамақтарды тұтынғанда абай болыңыз! Себебі, ботулизм ауруының өршу кезеңі күз, қыс айлары. Осы мезгілдерде алдын-ала косервіленіп дайындалған салаттарды, қиярды, қызанақты, саңырауқұлақты тұтыну науқаны басталады. Ботулизм ауруы «Clostridium botulinum» токсиндерімен улану нәтижесінде пайда болатын жедел инфекциялық ауру. Адам ағзасына ботулотоксин қажетті өңдеуден өтпеген тамақтарды тұтынғаннан түседі. Олар көп жағдайда консервіленген қияр, баялды, саңырауқұлақ, ысталған шұжық пен қақталған балықтар.

Ботулизмнің тағамдық түрі жиі кездеседі. Ол адамнан адамға жұқпайды. Ботулизм таяқшасы спора түзетіндіктен жоғары температураға төзімді және қоршаған ортада кеңінен таралған. Әсіресе топырақта, өзен, тоған суларында кездеседі. Ал, ауасыз (анаэробты) ортада токсин бөледі.

Ауру белгілері: Ботулизм ауруының белгілері бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін пайда болады. Токсиннің ағзаға енуіне байланысты клиникалық белгілер тез пайда болады. Ауру келесі симптомдармен: көздің қосарлануы немесе бұлыңғыр көру, қабақтың ауырлығы, сөйлеудің бұзылуы, жұтыну қиындықтары, құрғақ ауыз және бұлшықет әлсіздігімен (иықтан басталып, бүкіл денеге таралады) сипатталады. Нәтижесінде тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруы пайда болады, бұл науқастың өліміне әкеледі.
Аурудың алдын алу:

— санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау;
— банкіні, қақпақты стерилизациялау әдісін қатаң сақтау;
— көкөністерді термиялық өңдеуден өткізу;
— дайындау барысында сірке қышқылын қолдану;
— консервілерді төмен температурада сақтау;
— қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою;
— аурудың белгісі пайда болған жағдайда өнім қалдықтарын тастамай зертханалық бақылау үшін сақтау;
— үй жағдайында консервіленген салат, саңырауқұлақ, қияр, қақталған балықты белгілі орындардан ғана сатып алу;
— үйде әзірленген консервілерді пайдалану алдында қуыру 15-20 минуттай қуыру немесе қайнату ұсынылады.

А. Искаков

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу

Next Post

ШАЛҒАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҢ 5 ТҮРІНЕН ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі