13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілердің арасында отбасылық жарыс өтті

30 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери қызметшілердің арасында отбасылық жарыс өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен олардың отбасылары арасында спорттық мереке өтті. Іс-шара бригаданың спорт кешенінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметтің бастамасымен және бөлім басшылығының қолдауымен өкізілді.

Спорт мерекесі әскери отбасылар арасында дене шынықтыру және спорттық жұмысты жандандыруға, отбасылық қатынастардағы құндылықтарды тәрбиелеуге, өзара көмек, достық және бірлік сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Мерекенің салтанатты ашылуы қатысулардың жиналып әнұранды орындауынан, қазылар алқасымен таныстырудан және бөлімнің әскери оркестрінің орындауындағы музыкалық жаттығудан басталды.
Аталған іс-шараға бөлім басшылығы, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты. Үш қатысушыдан тұратын 10 команда ең спорттық, тату және көңілді атақ үшін күресті. Денсаулық мерекесіне қатысушылардың барлығын бай бағдарлама күтіп тұрды.
Отбасылық-спорттық байқау 5 эстафеталық жарыстан тұрды, онда қатысушылар күш, ептілік және төзімділігін көрсетті. Сайыс барысында орындықтардан сырғанап өтіп доппен жасайтын жаттығулар, қаппен секіру және басқа да көптеген кедергілерден өту, қатысушылардың нағыз спорттық толқуын ашты.
Сайыскерлер атап өткендей, жарыс жақсы деңгейде ұйымдастырылды, барлық қатысушылар жақсы дайындық көрсетіп, байқау жеңімпаздары табанды күресте анықталды.
— Отбасылық қарым-қатынастарды дұрыс насихаттау, оның ішінде спорттық ойындарын ұйымдастыру және оған қатысу азаматтардың бірлігі, олардың ойларын оң бағытқа бағыттау факторларының бірі болып табылады, — деп атап өтті 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Жамал Оразбек.
Жалпы алғанда, ұйымдастырушылар ешкімді ұмытпай, барлығына грамоталар, медальдар мен сыйлықтар табыстады. Сайыс қорытындысы бойынша, танк батальонының Құттыбаевтар отбасы қарсыластарынан мықты болып шықты, екінші және үшінші орындарды барлау және медициналық роталарының Шәкір және Оспановтар отбасылары өзара бөлісті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

АДАМ САУДАСЫМЕН КҮРЕС – ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

Next Post

Шымкентте әскери қызметшілер бөлімнің құрылғанына 40 жыл толғанын атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі