13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жас сарбаздар әскерге бейімделуде

20 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жас сарбаздар әскерге бейімделуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында осы күзде әскерге шақырлған жас толым әскери дайындықдың негіздерін үйренуде.

Олармен саптық, дене шынықтыру, атыс, әскери-медициналық дайындықтар, жалпы әскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өтуде. Сабақтар казармаларда, оқу ғимараттарында және тактикалық алаңда өткізілуде.
Бұл кезеңде жас сарбаздарға әскери қызметтің мәні мен мақсатын меңгеру, әскери қызметшілердің күн тәртібі мен жалпы міндеттерін, қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік қасиеттері мен жалпы құрылымын, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы бойынша әдістер мен жаттығуларды зерделеу қажет.
Бөлім командирінің орынбасары подполковник Ренат Калидолдин атап өткендей, бұл курс армияға жаңадан келген жігіттердің «бейімделуі» үшін қажет.
— Осы уақыт аралығында әскерге жаңадан келген адам әскери өмірге бейімделіп, ұжыммен қарым-қатынасты үйренеді. Күнделікті күн тәртібін меңгереді, дұрыс және ұқыпты форманы киіп және өзін-өзі күтуді үйренеді. Сонымен бірге адам ағзасы әскери ортада тамақтануға, арнайы киім мен аяқ киімге үйренеді. Жалпы қызметке психологиялық баптау жүргізіледі, — деп толықтырды Ренат Қайсығалиұлы.
Болашақта олармен оқу полигонында атыс дайындығы және радиациялық, химиялық және биологиялық қарудан қорғану құралдарын пайдалану тәртібі бойынша практикалық сабақтар өткізілетін болады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзжас сарбаздарШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шаруаларға субсидия жайлы түсіндірілді

Next Post

ШЫМКЕНТ : ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ДӘСТҮРЛІ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі