Атмосфералық ауаны ластайтын барлық заттар адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етеді. Бұл заттар адам ағзасына негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді және жоғарғы тыныс жолдарының, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен әр түрлі аллергиялық аурулардың дамуына алып келеді.
Түркістан облысында атмосфералық ауаның жай-күйі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Облыста атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылары бар 43 нысан бақылауда. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 21 ластаушы зат бөлінеді, оның ішінде 12-сі I-II қауіптілік сыныбына жатады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумақта және автокөліктердің неғұрлым қарқынды қозғалысы бар автомагистральдарда барлығы 127 бақылау нүктесі белгіленген. Атмосфералық ауаның ластаушы көздерін анықтау мақсатында осы бақылау нүктелерінен ҚР ДСМ 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ -193/2020 бұйрығымен бекітілген «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидалары» шеңберінде тоқсан сайын атмосфералық ауа сынамалары зерттеледі.
2023 жылдың 9 айында 7 283 сынама зерттеліп, 14 сынамадан (0,1%) сәйкессіздік анықталды (көміртек тотығы-5, күкірт сутек-3, қорғасын-1, қалқымалы заттар-1, шаң-4). Оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың ықпал ету аймағындағы селитебті аумағынан санитариялық-химиялық көрсеткішке 5 574 сынама зерттеліп, 0,2% -нан зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан жоғары болған.
Автомагистральдарда санитариялық-химиялық көрсеткішке 1 709 сынама зерттелді, зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының артуы анықталмады.
Н.Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы