13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ШАХМАТ ПЕН ДОЙБЫ САЙЫСЫНДА БАҚТАРЫН СЫНАДЫ

11 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ШАХМАТ ПЕН ДОЙБЫ САЙЫСЫНДА БАҚТАРЫН СЫНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Қаратау ауданы әкімі аппараты және аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Тассай” тұрғын алабында орналасқан “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына” келуші аудан ардагерлері арасында шахмат пен дойбыдан аудандық турнир өткізілді. Аталған орталықта алғаш рет аудандық әкімдіктің бастауымен өткен сайысқа “Мәртөбе”, “Тассай”, “Мирас”, “Таскен”,”Сайрам”, “Бозарық” елді мекендерінен 30 ардагер қатысты.

Турнир барысында үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін дәлелдеді. Ойында қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды. Жалпы қатысушы ардагерлердің бұл ойынға бірінші рет келуі емес. Осыған дейін де көптеген интеллектуалды ойындардың көрігін қыздырып жүрген жандар.

Орталықтың спорт бөлімінің жетекшісі сайысқа әділ төрелік етіп, нәтижесінде зейнеткер Қаратаев Бекзат дойбыдан жеңімпаз атанса, зейнеткер Исаметов Хавазмат шахматтан бас жүлдені иеленді. Ал, қос спорт түрінен жүлдедлі ІІ, ІІІ орындарды зейнеткерлер Д.Қаржаубаев, Ш.Төлендиев, Б.Турапов, А.Жұманов иеленді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар, алғыс хаттар және арнайы кубок табысталды.

“Аудан әкімінің бастамасымен өткен бұл жоба зейнетте жүрген барлық аудан ардагерлеріне деген құрмет деп ойлаймын. Осы орталықта 150-ден астам құрметті зейнеттегі барлық азаматтар үнемі келіп, денсаулығымызды қадағалап және спортпен, түрлі интеллектуалды ойындармен шүғылданамыз. Сондай-ақ, замандастарымызбен елдің ахуалы жөнінде ой-пікірлерімізбен бөлісеміз. Жалпы орталықтың шалғай тұрғын алапта да ашылуы көңілімізді қуантты. Ал, бүгінгідей аудан әкімінің ардагерлерге арналған жобасы біздің жаңа қырларымыздың ашылуына үлкен мүмкіндік сыйлап отыр. Себебі мен бүгін екі спорт түрінен де жүлделі орынды иеленіп отырмын. Бұл әсіресе немерелерім үшін үлкен қуаныш болатын болды. Сөз соңында барлық ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін”-деді орталыққа келуші зейнеткер, аудан тұрғыны Ш.Төлендиев.

Аталған бастама алдағы уақытта да аудан әкімдігі тарапынан өз жалғасын табатын болады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзардагерлерШахматШымкентҚаратау ауданы
Previous Post

Шымкент қаласының «Жас ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Алматының курсанттарына қонақта болды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі