13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ КӨБЕЙДІ

6 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ КӨБЕЙДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны артты. Биылдың өзінде олардың қатары екі жасанды көлмен толықты. Солардың бірі – ЖК «Эко Балық». Кәсіпкер Хашымбек Байжанов Балықты ауылының шетіндегі өз жерінің 3 гектар аумағына екі жасанды тоғанды қазып қойған. Қазан айының орта тұсында Жамбыл облысынан 60 мың дана карп, сазан, ақ амур балықтарының шабақтарын алып, көлге жіберуді жоспарлап отыр.
Аталған кәсіпкермен көл басында кездескен аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан әкімдігі тарапынан Заң талаптарына сай барлық қолдаулар болатындығын жеткізіп, кәсіпкердің өтінішіне сәйкес жердің қажетті құжаттарын толық рәсімдеуге және мемлекеттен «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде кәсібін ұлғайтуға жеңілдетілген пайызбен несие алып беруге көмек берілетінін атап өтті.
Сондай-ақ кәсіпкер Мұрат Парманов Састөбе кентіндегі көлді жалға алып, оған 150 мың дана сазан, карп балығының шабақтарын жіберуді көздеп отыр. Қазіргі таңда Заң талаптарына сай көл аумағын қоршап, ішін тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Аудан басшысы мемлекеттік нысанды жалға алып отырған кәсіпкерге көлдің айналасын көгалдандырып, жергілікті тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасауды жүктеді.
Бұдан өзге Машат ауылындағы «Жеті үй» шаруа қожалығының иесі осыдан екі жыл бұрын үй маңынан жасанды тоған жасап, оғын 16 мың дана сазан, карп, ақ амур, дөнмаңдай балығының шабағын жіберген. Дос Ахатаев есімді кәсіпкер келер жылы алғашқы өнімін сауда қатарларына шығаруды көздеп отыр. Сонымен қатар кәсіпкер көл аумағын абаттандырып, ол жерден «сақ» банясы мен киіз үйлер тігіп, демалыс орнын ашуды жоспарлауда.
Аудан әкімі кәсіпкердің жұмысын оң бағалап, ісіне сәттілік тіледі. Және кәсіпкердің өтінішіне сәйкес көл маңынан өтіп жатқан Машат өзенінің жағасын бекітіп беруге тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік нысандар саны 14-ке жетіп отыр. Оларда бекіре, фарель, сазан, карп, дөнмаңдай, ақ амур балығының түрлері өсірілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Эко Балық»ТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ШУША ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТІП ЖАТЫР

Next Post

ЕЛІМІЗДЕГІ АГРОҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ 33 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі