13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс гарнизонының әскери полицейлері әскери қызметшілерді қауіпсіздікті сақатуға шақыруда

4 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
Арыс гарнизонының әскери полицейлері әскери қызметшілерді қауіпсіздікті сақатуға шақыруда
Share on FacebookShare on Twitter

Әскерлер қызметі мен әскери қызметтің қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінде жарақаттанудың алдын алу айлығы өткізілді.

Айлық аясында, әскери бөлім аумағында орналасқан апатты деп танылған және қанағаттанарлықсыз жағдайдағы ғимараттардың болуына мониторинг жүргізілді.
Осы ғимараттарға бөгде адамдардың кіруіне шектеу және қызметтік уақыт пен тұрмыста қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы сабақтарын өткізу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
— Әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелері әскери бөлімдегі әрбір командирдің және әскери полиция бөлімінің қызметкерлерінің назарында болады. Қазіргі уақытта әскери бөлімдерде әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасауға және қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады, — деді Арыс гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицері аға лейтенант Шерехан Нурсултан Даулетханұлы.
Айта кетсек, жарақаттанудың алдын алуды барлық санаттағы командирлер жеке өзі ұйымдастырады және оған жеке құрамды жауынгерлік даярлық пен шаруашылық қызмет іс-шараларына дайындау жүйесі, сондай-ақ оның күнделікті қызметі барысында жеке құрамды тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі. Себебі, жарақаттану ұзақ мерзімді емдеуге және уақытша жұмыс қабілеттілігін жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар ауыр асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Тамақтан уланып қалмаңыз!

Next Post

Сібір жарасы және оның алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі