13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ФРИСТАЙЛ СПОРТЫНА АРНАЛҒАН ТРАМПЛИН САЛЫНЫП ЖАТЫР

4 октября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ФРИСТАЙЛ СПОРТЫНА АРНАЛҒАН ТРАМПЛИН САЛЫНЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы «Атабұлақ» спорттық туристік нысаны жанынан жазғы спорттық трамплин құрылысы биыл мамыр айында басталған болатын. Еркін стильдегі спорт түрінің трамплині республика бойынша 6 облыста ғана бар. Аудандар арасында алғаш рет Түлкібастың Пістелі елдімекенінде салынып жатыр.
Бүгінгі таңда аталған нысанда 18 адамға шақталған қонақ үй мен 60 спортшыға арналған спортшылар үйі, фитнес зал, монша, асхана жұмыс істеп тұр. Мұнда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 586 млн.теңге.
Аталған нысанға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өз қаржысы есебінен нысанды соғып жатқан кәсіпкер аудан әкімінен құжаттарын рәсімдеуге қатысты көмек беруін сұранды. Аудан басшысы кәсіпкерге заң аясында барлық қолдауларды көрсететуге дайын екенін жеткізіп, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
– Жалпы бұл спорт түрімен аудан жастары әлі таныс емес. Өйткені біздің өңірде қар жату мерзімі қысқа болғандықтан, шұғылданатындар қатары да, қызығатындар қатары да сирек. Көктемде спортшыларға арнап үлкен спорт зал салынды. Онда барлық құрал-жабдықтар қойылған. Жазғы трамплинге қызығушы жастар болса мамандандырылған мектептегі спортшыларды және ауыл жастарын шақырып арнайы жиындар өткізуге мүмкіндік береміз, – деді кәсіпкер Тимур Нарымбетов.
Айта кетейік, аудан аумағында инвесторлар тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүлкібасТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: «АТАМЕКЕН» ҰКП XI СЪЕЗІНЕ ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАТТАР ҚАТЫСАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 351 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі