13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өтті.
Жиынға Түркістан облысы әкімдігі, облыстық прокуратура, мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және онлайн режимде аудан, қалалардың бизнес өкілдері қатысты. Маңызды жиынды Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай жүргізіп отырды.
Іс-шараның мақсаты – бақылау-қадағалау органдары мен кәсіпкерлерді кездестіру, мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау және бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру. Кездесуде бақылау және қадағалау органдары тарапынан атқарылған жұмыстар, салаға қатысты заңнамадағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы сөз қозғалды.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың мәліметіне сәйкес, осы жылдың 9 айында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 661 тексеру тағайындау туралы актілері тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға төмендеген. Яғни, 2023 жылдың 9 айында 661 акт тіркелсе, 2022 жылы 771 тексеру тағайындалған.
Жиын барысында Мемлекеттік кірістер департаменті, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Облыстық бақылау басқармасы және өзге де мекемелердің өкілдері кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытында ой қозғады. Іс-шара соңында кәсіпкерлер құзырлы орган қызметкерлеріне көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАҚТАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ҚАРТТАР МЕН АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі