13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Құтырудан құтылудың жолдары!

23 сентября, 2023
in Денсаулық
0
Құтырудан құтылудың жолдары!
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Құтыру ауруы – бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім жағдайына әкеліп соқтырумен сипатталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы.  Құтыру ауруының қоздырғышы – вирус (Rhabdoviridae),  ультракүлгін сәулесінің,  залалсыздандыру ертінділерінің  әсерінен және қайнату кезінде  жылдам өледі.

Құтыру ауруы қалай жұғады? – (60%-70%) жағдайларда жұқтыру көзі ит, мысық, үй жануарлары, кеміргіштер болып саналады. Құтырудың табиғи ошақтарында қасқыр, түлкі, қарсақ, шиебөрі және т.б. жабайы хайуандар арасында айналымда болып, үй жануарларына тістелу, тырналу, сілекейленуі арқылы жұғады. Көп жағдайда вирус ауру жануарлардан  жарақат алып, тістелген, тырналған немесе сілекейленген  жағдайда зақымдалған тері қабаты арқылы еніп, нерв талшықтарымен бас, жұлын миына жетіп, онда көбейіп, жинақталады.

Құтыру ауруының емі жоқ, алайда аурудың алдын алуға болады.

Құтырудың алдын алу мақсатында жануарлардан жарақат алып, тістелінген, тырналынған немесе сілекейленген  жағдайда адамдардың барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрақты мекен жайы бойынша емдеу мекемелеріне медициналық  көмекке қаралуы қажет. Жануарлардан жарақат алған, тістелген, сілекейленген немесе тырналған жағдайларда  жарақат орыны сабынды таза сумен жуылып, жарақат айналасы йодтың спиртті ерітіндісімен залалсыздандырып, міндетті түрде антирабиялық егу алуы тиіс. Әрбір жарақат алған адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – жүйелі түрде  құтыруға қарсы екпе алу болып саналады. Егер өзіңізге белгілі  иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз, жануарды мал дәрігеріне көрсетіңіз, мал дәрігері жануарды 10 күндік ветеринариялық бақылауда ұстап, сау болған жағдайда – жануардың денінің саулығын растайтын анықтама береді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет егу тағайындалады (0,3,7 күндері). Ал егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда құтыру ауруына қарсы антирабиялық егу жұмыстары толық курсы жүргізіледі.

Сондықтан мінезінде өзгерістер байқалған жануарларды қамап ұстау қажет, балаларды және өзгелерді күдікті жануарлардан аулақ ұстап, дер кезінде мал дәрігерін шақырту қажет. Ит, мысық асырайтын болсаңыз, жергілікті мал дәрігерлеріне көрсетіп, тиісті кеңес алып, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіріп тұруларыңыз қажет.

 Б.Елемесов

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысықұтыру
Previous Post

Сарбазға қамқорлық жергілікті әскери басқару органдарынан басталады

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ, БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі