Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) — бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респираторлық-синцитиалдық инфе кция, риновирусты және аденовирусты инфекция. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. ЖРВИ тез таралады және көпке созылмайды. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын ауруы мүмкін. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін,орташа 2-3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел,интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін котеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Ауырар алдында адамда шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық,бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит-көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін. ЖРВИ емдеу әдетте дәрігердің бақылауымен үй жағдайында жүргізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын қатерлі топтарға тұмауға қарсы егуді ұсынады: 65 жастан жоғары (созылмалы патология болған жағдайда –кез келген жаста), 6 айдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері және басқа да көптеген өндірістік байланыстағы адамдар. Қауіп-қатердің ерекше тобы, яғни бөлек қарастыратындарды жүкті әйелдер, әсіресе екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер құрайды. Аурудың алдын алу: 1. Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинация. 2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен сирек жүріп,қонаққа барудан бас тартыңыз). Адам көп жиналған жерге (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) бармаңыз; Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуыңыз; Адам көп жиналған жерге (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) бармау; Кір қолмен көзді, мұрын мен ауызды түртпеу; 8. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз; 9. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз; 10. Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында Сдәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат;11. төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз;12. Толық тамақтаныңыз; 13. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз; 14. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшалауды ұмытпаңыз. Тұмауды алдын алу үшін препараттарды тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау қажет. Дәрігерлер тұмау кезінде лимон мен апельсин, бал мен қалампырды қолданған. Пияз, сарымсақ- өсімдіктен шыққан микробқа қарсы заттар фитонцидтерден тұрады; Жалбыз, қарағай – вирусты жойғыштық әрекетке ие және ингаляция үшін қолданылады; Лимон, итмұрын, мүкжидек, итбүлдірген, шырғанақ – дәрумендер көзі, соның ішінде С (аскорбин қышқылы, оның негізінде дәрумендер сусыны дайындалады (шай, морс, тұнбалар). Салауатты өмір салтын ұстану (толық қанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі.
Нұрбек Нышанов
Түркістан облысының СЭБД басшысы