13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛҒА 5 ЖЫЛДА 100 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

27 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛҒА 5 ЖЫЛДА 100 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында 2018-2022 жылдар аралығында 102,1 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы көшпелі брифингте аудан басшысы Бақыт Асанов мәлімдеді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласы 5 жыл уақыт аралығында жалпы ішкі өнім көлемі 2 есе өсіп, былтыр 81 млрд. теңгеге жеткен.
— Бес жыл уақыт ішінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылып, әлеуметтік-экономикалық даму оң қарқынды көрсетуде. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 76 жоба (436,6 млн теңгеге) мақұлданған. Сондай-ақ аудан бойынша жалпы 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1%-ын құрайды. Инфрақұрылымды дамыту бойынша аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі, яғни 99,9%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Аудан бөлінгелі 2019-2022 жылдар аралығында 11,2 шақырымды құрайтын 7 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына асфальт төселді. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 199 шақырым 212 ішкі көшеге асфальт, 118,3 шақырым 151 ішкі көшеге тас төселді, — деді аудан әкімі.
Өңірде жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу мақсатында 24 гектар аумақта индустриалды аймақ құрылған. Онда 4 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылған. Бұдан басқа, «Еңбек» бағдарламасымен бес жылда 4 052 адам жұмыспен қамтылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Шымкенттіктер кез келген қалалық ХҚКО-да жылжымайтын мүліктерін нотариуссыз тіркей алады

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ГҮЛ ӨСІРІП АЙЫНА 1 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ТАБАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі