13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте бригаданың жаңа командирі тағайындалды

22 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте бригаданың жаңа командирі тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

35748 әскери бөліміне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Ержан Ибраев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары 35748 әскери бөлімінің жаңадан тағайындалған командирі полковник Айтқожин Әмірқожа Қазбекұлын жеке құрамға таныстырды.

Әмірқожа Қазбекұлы 1980 жылы 17 сәуірде Көкшетау облысында дүниеге келген. Офицер ҚР ҚК әскери академиясының түлегі, сондай-ақ Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде білімін шыңдаған.
Лейтенант шенінен полковникке дейін жеткен Әмірқожа Қазбекұлы, десанттық-шабуылдау взводының командирінен бастап, 30238 әскери бөлімінің командиріне дейін әскери лауазымдарда қызмет еткен. Әскери қызметті Еліміздің барлық аймақтарында абыроймен атқарған.
Бөлімнің жаңа командирін таныстыра отырып, әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Ержан Ибраев қызмет барысында Әмірқожа Қазбекұлы әскери істің қыр-сырын және ерекшелігін білетін жоғары дәрежелі маман екенін атап өтті, сондай-ақ жаңа командирді қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған қызметте табыс тіледі.
Айта кетсек, механикаландырылған бригада Құрлық әскерлеріндегі ең ірі әскери бөлім болып табылады. Әскери бөлімнің жауапты аймағы Түркістан және Қызылорда облыстарын, Шымкент қаласының аумағын қамтиды. Бригада құрамына мотоатқыштар, танк, артиллерия, барлау бөлімшелері, әуе қорғанысы, РХБ қорғау және байланыс бөлімшелері кіреді. Ал жеке құрамның дайындық деңгейі мен техникалық жабдықталуы бойынша бригада еліміздегі үлгілі әскери бөлімдер қатарына кіреді. ​

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

ШЫҰ-ҒА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ 300-ДЕН АСТАМ ДЕЛЕГАТЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ЛАГЕРІНЕ ЖИНАЛДЫ

Next Post

Сарбазға қамқорлық жергілікті әскери басқару органдарынан басталады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі