13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жауынгерлік достастық – 2023» бірлескен оқу-жаттығу жиыны мәресіне жетті

18 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
«Жауынгерлік достастық – 2023» бірлескен оқу-жаттығу жиыны мәресіне жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Оқу-жауынгерлік міндеттерін ойдағыдай орындап келген әскери қызметшілерді ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің 10216 әскери бөлімінде салтанатты түрде қарсы алды. Бригада басшылығы, әріптестері, сондай-ақ жақындары мен туыстары жауынгерлерді қарсы алып, оқу-жаттығуда көрсеткен кәсібилігі үшін алғыстарын білдірді.

10216 әскери бөлімінің 30-ға жуық әскери және арнайы жауынгерлік техникасы, сондай-ақ 200-ден астам әскери қызметшісі Қазақстан мен Қырғызстанның «Жауынгерлік достастық – 2023» бірлескен оқу-жаттығуынан тұрақты орналасу пункттеріне оралу үшін, 1000 шақырымнан астам қашықтыққа шеру жасады.
Осы сәт бір айдан астам уақыт бойы әкелерін көрмеген әскери қызметшілердің балалары үшін өте әсерлі болды. Көптеген балалар әкелерінің құшағында жеткенде қуаныштан көз жастарын ұстай алмады. Бұл балалардың үйде оларсыз қаншалықты сағынғанын көрсетті.
Әскери техника колоннасы бөлім аумағына жеке құраммен кіргеннен кейін, бірінші болып бөлім командирінің қызы Тамила топ бұзып жүгіріп шықты. Ол осы күнге арнап, мектеп формасын жасыл бантикпен киіп келіпті, өйткені әкесі қызының мектеп барып жүргенін осы күнге дейін көрмепті.
Әкесінің құшағынан шыққысы келмеген қызымен бірге бөлім командирі бірінші орынбасарынан баянатты қабылдады. Осыдан кейін полковник Жұбанов жеке құрамға және отбасы мүшелеріне шыдамдылық пен табандылық танытқаны үшін алғыс сөздерін айтты.
— Құрметті жауынгерлер, сіздер табандылық пен шыдамдылық таныттыңыздар, барлық жауынгерлік тапсырмаларды абыроймен орындадыңыздар! Отан игілігі үшін лайықты қызметтеріңіз үшін Рахмет! — деді бригада командирі полковник Орынбасар Жұбанов.
Айта кетсек, «Жауынгерлік достастық» жаттығуы бірнеше кезеңде өткізілді. Алдымен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бөлімшелерінің жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, әскери эшелондармен оқу-жаттығу өтетін «Сарышаған» полигонына шеру жасады. Содан кейін Басқару органдары мен әскерлердің қимылдарын жүргізуге дайындау жүргізілді. Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде Қазақстан мен Қырғызстан әуе қорғанысының жауынгерлік есептоптары әртүрлі, соның ішінде зениттік зымыран кешендерінің заманауи үлгілерінен практикалық атыстарды орындады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

ҚАЛА ЖАСТАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Next Post

КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі