13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының күні аталып өтті

14 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістанда жергілікті әскери басқару органдарының күні аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жергілікті әскери басқару органдарының (ЖӘБО) құрылған күнін атап өтті. Бүгінгі таңда Түркістан облысынан 100-ден астам күзгі әскерге шақырылушы ҰҚК Шекара қызметінің қатарын толықтырды. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ең көп қоныстанған облыстың 2000-ға жуық азаматы ҚР Қарулы күштері мен басқа да әскери құралымдарының қатарын толықтырады деп жоспарлануда.

Іс-шараға департамент жеке құрамы мен ардагерлері, жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер қатысты. Олар құттықтау сөз сөйлеп, департаменттің жеке құрамына алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыс етті.
Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев өз сөзінде жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтады.
— Біздің департамент жыл сайын республикалық деңгейдегі жалпы қызметтік мәселесінде жергілікті әскери басқару органдары арасында көшбастап, алдыңғы орындарға ие болады. Әрине, бұл нәтижелердің барлығына қазір осында жиналған әрбір әскери қызметші мен азаматтық қызметкерлердің күш-жігерінің арқасында қол жеткізілуде. Ардагерлерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі көпжылдық адал еңбегіңіз үшін, тәжірибеңіз, мейірімділігіңіз бен даналығыңыз үшін сіздерге тағзым беріп, зор денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! — деді өз сөзінде департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев аяқтады.
Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды, онда Түркістан қаласының Мәдениет үйінің ұжымы өнер көрсетті.
Айта кетсек, жергілікті әскери басқару органдарының атқаратын міндеттері Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жай-күйіне тікелей әсер етеді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістан облысыШымкент гарнизоны
Previous Post

«Ақпараттық жүйе дұрыс жұмыс істемейді»: Сабильянов Абай облысындағы медицина саласы жайлы

Next Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі