13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Күн салқындағанда асқынатын вирусты аурулардың алдын алу жолдары

13 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Күн салқындағанда асқынатын вирусты аурулардың алдын алу жолдары
Share on FacebookShare on Twitter

Сырқаттардың көбі адам ағзасында D дәрумені қорының азаюына байланысты күшейеді
Салқын ауа райында адам ағзасының түрлі инфекциядан қорғанысы төмендейді. Қысқы мезгілде ағзаға күн сәулесі жетпейді, сол себепті иммун жүйесін нығайтуға көмектесетін D дәруменінің қоры азаяды. Осылайша адамдар басқа уақытқа қарағанда суықта инфекцияны тез жұқтырады.
Суықта пайда болатын және асқынатын аурулардан сақтану, емделу жолдары;
Тұмау
Тұмау – тұмау вирустары қоздыратын жұқпалы ауру. Тұмау жіті респираторлық вирустық инфекция тобына жатқанымен, мұны жай ғана суық тиюмен шатастырмау керек, өйткені өкпе, жүрек, ми қабынуының асқынуына әкеп соқтыруы ықтимал.
Тұмау белгілеріне дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, бұлшықет пен буын ауыруы, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы және басқа да симптомдар жатады.
Тұмауратқанда үйден шықпай, көбірек демалып, жылы сұйықтық (су, шай, компот, морс, сорпа және тағы басқа) ішу керек. Дене қызуы түспей, тыныс алу қиындап, ентіге бастағанда, кеуде тұс, іш ауырса, бас айналса дәрігерге жүгіну қажет. Тұмаудың алдын алу үшін қолды үнемі сабындап жуып, қоғамдық орындарда маска тағып және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, жыл сайын тұмауға қарсы екпе салдырған жөн. Н. Нышанов. Түркістан облысының СЭБД басшысы

Previous Post

ЖОЛ КАРТАСЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН НЫСАНҒА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

Өгей әке-шешеден зорлық-зомбылық көру – әлеуметтік қорғаудың әлсіздігін көрсетеді – Елнұр Бейсенбаев

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі