13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

7 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді.

Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман жұмысқа қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындап жатыр. Аталған Заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтуде. Облыс орталығына айналғанына бес жыл болған Түркістан қаласын шын мәнінде тек қазақтың емес, түркі әлемінің мәдени, рухани елордасына айналдыру жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу, өңір мәдениетін дамыту, өнер майталмандарынан құралған шығармашылық ұжымдарды қалыптастыру үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы тапсырма берген болатын.

Түркістан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін 100 штат беріліп, материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа өнер ұжымдарына сахналық киімдер мен музыкалық аспаптар алуға тиісті қаражат бөлініп отыр. Атап айтқанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілер топтарына мамандар қабылдануда. Осыған орай еліміздегі өнер мамандықтары оқытылатын жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатылып, мамандар шақыртылуда.

Айта кетейік, өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілген болатын. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты. Атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Петропавл облысынан және Түркістан облысының аудан, қалаларынан өнер мамандары келіп, өз бақтарын сынады.

 

Previous Post

ЕЛІМІЗДЕ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУДЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ АНЫҚТАЙДЫ

Next Post

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҮЙРЕТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі