13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

6 сентября, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан облыстық жиын пунктінен күзгі әскерге шақыру науқаны аясында алғашқы 40 баланы Алматы облысындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне салтанатты түрде шығарып салды.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары — облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Бейсен Тәжібаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, ҚР ҚК ардагерлері кеңесінің облыс бойынша филиалының төрағасы және әскерге шақыру жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлғалар қатысты.
Әскерге аттанып жатқан шақырылушыларға Бейсен Дәулетұлы ақ жол тілеп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен орындауға және туған өлкелерінің, ата-аналарының үмітін ақтап, қазақ жауынгерінің намысты болуы керектігін жеткізді.
Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Бексейітұлы өңіріміздің жастары ҚР ҚК және де басқада әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеруі сандық және сапасы жағынан алдыңғы қатарда жүретінін атап өтті.
— Көктемгі әскерге шақыру науқанында Түркістан өңірінен 2000-нан астам азамат мерзімді әскери қызмет өткеруге аттанған болатын. Осы күзгі шақыру науқанында цифрландыру жұмысы нәтижесінде, өңірімізде тұратын 18 бен 27жас аралығындағы 3500-ден аса ер азаматқа тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы SMS-хабарлама жолданбақ. Сол хабарламаны алғашқы алған сіздерсіздер. Нағыз ер азамат өз отанының патриоты болуы тиіс, — деді полковник Нұрмаханбет Дюсебаев.
Айта кетсек, цифырландыру бағдарламасы аясында қазіргі уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, жақын арада әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру және әскери қызмет өткермеген азаматтарға әскери билеттер беру жойылады. Ол электронды форматқа көшеді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысыәскер
Previous Post

Арыс қаласының тұрғындары әскери бөлімге барды

Next Post

Шымкентте осы күзде 1600-ге жуық азамат SMS-арқылы шақыру қағаздарын алады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі