13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында қызылша аурушаңдығынан эпидемиологиялық жағдай

28 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында қызылша аурушаңдығынан эпидемиологиялық жағдай
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жыл басынан бері қызылша аурушаңдығынан 119 күдікті жағдай тіркеліп, 70 жағдай зертханалық дәлелденген. Оның ішінде 48 і 14 жасқа дейінгі балалар. Инфекция жұқтырушылардың көбі Ордабасы (25), Сауран (12), Қазығұрт (9), Шардара (5) ауданындарына тиесілі болып отыр. Эпидемиологтар жүргізген талдаулар нәтижесінде қызылша инфекциясына шалдыққандардың көбі қызылшаға қарсы вакцинадан бас тартқандар. Қызылша ауруы — көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері эпидемиялық маусымдары болып саналады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды.
• дене қызуының көтерілуі;
• жөтелдің пайда болуы;
• құлақ, мойын, бет пен денеде, бөртпелердің пайда болуы.
Алдын алу үшін:
-қызылшаның алдын алуда тиімді де баламасыз шаралардың бірі – екпе алу. Қызылшаға қарсы бірінші екпе 1 жаста, 2-рет бала 6 жасқа толғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, иммунитет сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді.
-вакцина алу үшін жергілікті емханаларға жүгінесіздер. Өңірде вакцина жеткілікті деңгейде. Екпе алу тегін. Қызылша ауруы асқынған жағдайда бронхопневмонияға, лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит (тамақ ауруларының асқынуына) -энцефалитке (мидың қабынуы) әкелуі мүмкін.
-білім ошақтары мен балабақшаларда да санитариялық-эпидемиологиялық шараларды (бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік және бөртпе сияқты аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанда дәрігерге қаралу, халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру) күшейтіп, сақтық шараларын ұстанған абзал. Вирус сыртқы ортаға төзімді болмағандықтан ауру ошақтарында дезинфекция шаралары жүргізілмейді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысықызылша
Previous Post

Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері «Мектепке жол» акциясын қолдады

Next Post

«ЕЛДІКТІҢ СУРЕТКЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі