13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТАДЫ

28 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізілуде. Жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.

Осы ретте Түркістан облысында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрған еңбеккерлердің қатары артып келеді. Соның бір дәлелі Жетісай ауданындағы Қарақай ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алған шағын отбасылық сүт фермасы бар. 7 млн теңге көлемінде несие алған ауыл тұрғыны 30 сауынды сиыр сатып алған. Бүгінде ол жылына 33,5 тонна сүт сатуды жоспарлап отыр. Осылайша ауданымыздағы тұрғындар өз кәсіптерін ашып, еңбек етуде.

Ресми деректер бойынша «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін өңірімізден 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылған болатын. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 млрд. теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ — на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 10,3 млрд теңге құрайтын 1 679 жобаға өтініш келіп түскен. Оның 1 272 жоба мақұлданып, жобаны іске асыру нәтижесінде, 3 200 жоба қаржыландырылып, 3 400 — ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде және тұрғындардың күн көріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланған.

Бақыт-Мұхаммед ЖАҢБЫРБАЕВ,
Жетісай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, Қазақ күресінен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Ауыл аманаты»Түркістан облысыҚасым-Жомарт Тоқаев
Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ КӘСІБІН АШЫП, ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛҒАН

Next Post

Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері «Мектепке жол» акциясын қолдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі