Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Қапезов Арман Қуанышұлы 1976 жылдың 27 тамызында Целиноград қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.
Прокуратура органдарында қызметін 1997 жылдан бастап, әрі-қарай Степногорск қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Ақмола облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Ақмола облысындағы Астрахан ауданы прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасындағы бірқатар басқармалардың прокуроры, Бас әскери прокуратураның Штаб басшысының орынбасары, Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, Бас әскери прокурордың ұйымдастырушылық-бақылау жұмыстары жөніндегі аға көмекшісі, Бас әскери прокурордың Аппарат басшысы, Шымкент гарнизонының әскери прокуроры, Оңтүстік аймағының әскери прокуроры лауазымдарында қызмет атқарды.
Арман Қуанышұлы батылдығымен, өз борышына адалдығымен және өз ісіне берілгендігімен ерекшеленді. Иә, бұл біздің бейбіт уақытта сирек кездесетін батылдық.
Ол Арыс қаласында орналасқан 44859 әскери бөлімінің арсеналында орын алған оқ-дәрілердің жарылысы кезінде де жасырынып жатпады. Онда тазалау және қалпына келтіру шаралары жүргізілсе де, қазіргі уақытқа дейінгі жағдай өте қорқынышты.
Арман Қуанышұлы қарапайым қызметкерден басшыға, лейтенанттан полковникке дейін жоғарылай отырып, прокуратура органдарында қызмет ету арқылы өмірін Отанға арнады.
Қандай қызметте болмасын, қандай лауазымда болмасын, Арман Қуанышұлы әрқашан үлкен әріптермен жазылатан Тұлға және Азамат болып қала берді.
Бар күш-жігері және еңбекқорлығымен Арман Қуанышұлы қашанда сабырлы және мейрімді, сондай-ақ көмекке мұқтаж болған жандарға көмектесуге дайын болды.
Иммануил Кан айтқандай: «Адамгершілік – бұл өзге де адамдардың тағдырына ықпал ету қабілеттілігі».
Арман Қуанышұлы өзінің кәсіби қызметінде әскери қызметшілердің қажеттіліктері мен ұмтылыстарын зерттеуге, олардың проблемалық мәселелерін шешуге тырысты, сонымен қатар заңдарды қорғады. Ол жауапкершілікті мойындаудан ешқашан қорықпаған. Осының арқасында басшылықтың да, бағыныштылардың да арасында өзіне лайықты беделге ие болған азамат.
Шымкент гарнизоны әскери прокурорының лауазымын атқарған кезінде енгізген қадағалау актілерімен мыңнан аса әскери қызметшілердің құқықтары қорғалып, көптеген жылдар бойы шешімін таппай келген Шымкент және Арыс гарнизондарында орналасқан әскери қалашықтардың тұрғындарын тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу мәселесі өз шешімін тапты, карантиндік режим жарияланғанда бақылау бекеттерінде әскери қызметін өткерген әскери қызметшілердің ыстық тамақ, азық-түлік, жеке қорғаныс заттармен, ал әскери жиынға тартылған әскери міндеттілердің киім-кешек мүлкімен және жалақымен қамтамасыз етілуіне қол жеткізді.
Біздің жанымызда борышын өтеу үшін жанын беруге дайын осындай офицерлер барда, біз әрі-қарай өз қызметімізді абыроймен атқара береміз.
Арман Қуанышұлы 2021 жылдың 26 тамызында қызметтік міндеттерін атқара отырып, Тараз маңындағы әскери бөлімде орын алған жарылыстардың нәтижесінде қаза тапты.
Өмірінің соңғы секундтарына дейін ол офицерлік борышы мен антына адал болды. Ол соңғы демімен бәрімізге мәңгілік Батыр, нағыз патриот және үлгі болып қала берді.
Мезгілсіз өлім қатарымыздан біздің жолдасымызды, сүйікті жарды және әкені, ата-ананың қамқор ұлын алып кетті.
Бірақ Арман Қуанышұлы біздің жадымызда мәңгі сақталатына сеніміміз кәміл!
Көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен 1-ші дәрежелі «Айбын» орденімен (қаза болғаннан кейін) марапатталды.
Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
әділет майоры
Бақытжан Нұрмаханбетов