13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Арыста партияластар үздіктерді таңдады

11 ноября, 2020
in Cаясат
0
Арыста партияластар үздіктерді таңдады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Арыс қалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп және облыстық партиялық тізіміне үміткерлер анықталды.

Сонымен қатар, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына делегаттар сайланды.

Конференцияда облыстық мәслихатқа үміткер, праймериз кандидаттары Алымжан Ахметов, Нұржан Адамбеков, Рабиға Қуатбекова, Мөлдір Сарыпбекова, Перизат Сулейменова дебатқа қатысты. Тиісті квотаға сәйкес 3 үміткер жоғары дауыспен облыстық мәслихат тізіміне өтті. Солардың бірі – «Халықтар Достығы» университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова. Ал екінші үміткер Арыс қаласына танымал кәсіпкер Алымжан Ахметов. Үшінші үміткер Мөлдір Сарыпбекова. Жалпы конференцияда дауыс беруге 41 делегат қатысқанын айта кету керек.

Қалалық мәслихаттың тізімінде әйелдердің үлес саны 11 пайыздан 30 пайызға дейін яғни 3 есе артатын болады. Ал 35 жасқа дейінгі жастар – 0 пайыздан 20 пайызға артқалы отыр. Жаңа тізімге сай Арыс қалалық мәслихатына әйелдер үлесі 30 пайызға жетсе, 35 жасқа дейінгілер қатары да артпақ.

Айта кетейік, бұған дейін Арыс қалалық мәслихатында 13 депутаттық мандат болған. Оның 1-еуі ғана әйел. Сондай-ақ, олардың жас мөлшерлері де әр түрлі. Яғни, 41 мен 50 жас аралығында 6 адам, 51 мен 60 жас аралығындағы депуттар саны 6, ал 60-тан асқан 1 депутат болған. Енді бұл көрсеткіштер күрт өзгергелі отыр. Бір сөзбен айтқанда Арыс қалалық мәслихаты депутаттарының құрамы 70 пайызға дейін жаңармақ.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz
Previous Post

Шардара: «Нұротандықтар» конференция өткізді

Next Post

Түркістанда ағын су шығыны реттелуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі