13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КӘСІПОДАҚТАР МЕН МӘСЛИХАТТАР: «БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ»

11 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
КӘСІПОДАҚТАР МЕН МӘСЛИХАТТАР: «БІЗДІҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ»
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетовпен және «Еңбек» әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі депутаттық топпен кездесті.

«Еңбек» депутаттық тобына өкілді органның 5 мүшесі кірді: «AMANAT» партиясынан – депутаттар Альбина Елшиева, Талғат Балтабаев, Абзал Зейнетаев, «Ақ жол» партиясынан – Ноян Төлегенов, «Ауыл» партиясынан – Нұралы Давлетяров.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы делегациясын қарсы алған қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов «Еңбек» депутаттық тобы ағымдағы жылдың маусым айында Шымкент қаласының Кәсіподақ орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеевтің ұсынысымен жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша депутаттық корпус пен кәсіподақтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылғанын атап өтті.

Бахадыр Нарымбетов әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешуде кәсіподақтармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ бастамасын қолдағаны үшін жергілікті өкілді орган мүшелеріне алғыс білдіре отырып, Еңбек адамы үшін әлеуметтік әділеттілік мәселелерін тиімді насихаттаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басшысы Кәсіподақтар федерациясының қызметі, еңбеккерлерді қорғаудағы ең маңызды жетістіктері туралы айтып өтті және ағымдағы жылдың наурыз айында өткен сайлауда кәсіподақтар қабылдаған «Әділетті Қазақстанды құрудың 15 қадамы» сайлауалды бағдарламасының ережелері негізінде бірлескен жұмыстың бірқатар басым бағыттарын белгіледі.

Ол ең алдымен еңбекақыны жақсарту бағытында кәсіподақтардың депутаттық топпен бірлесіп жұмыс істеуі туралы бастамасын жеткізді.

«Біздің ортақ мақсатымыз – Еңбек адамының әл-ауқатын арттыру. Кәсіподақтар федерациясы халықаралық стандарттарға сәйкес ең төменгі жалақыны көтеру, инфляция деңгейіне жалақыны жыл сайын индекстеуді енгізу, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу әдістемесін әзірлеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі», – деді ҚРКФ төрағасы.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы атап өткендей, 2,5 жыл ішінде елімізде еңбекақы саласындағы нақты жүйелі мәселелерге, атап айтқанда, жалақының төмендігіне, жалақы жүйесіндегі теңсіздікке, жалақыны индексациялаудың болмауына, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтамауға, жұмыс берушілердің ұжымдық шарттардың талаптарын орындамауына байланысты 272 ұжымдық дау болған.

«Біз әлеуметтік жауапкершілікті дамытудағы және қарапайым еңбекшілердің мүдделеріне сай келетін тиімді экономикалық және әлеуметтік шараларды қабылдаудағы ынтымақтастығымызға үлкен үміт артамыз», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, сондай-ақ, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігі туралы пікірін білдірді және әлеуметтік әріптестерді өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және тәуекелдерін барынша азайтудың бірлескен тетіктерін әзірлеуге шақырды.

«Еңбек» депутаттық тобының мүшесі Талғат Балтабаев бірлескен жұмыс туралы айта келе, кәсіпорындардағы әлеуметтік тұрақтылық мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

«Мәслихат пен кәсіподақтардың ынтымақтастығындағы маңызды қадам еңбек даулары мен шиеленістердің алдын алу болуы керек. Біз бірлескен күш-жігерімізді жұмыскерлермен белсенді кері байланыс орнатуға, олардың әлеуметтік-еңбек мәселелеріне жедел ден қоюға және оларды сындарлы шешуге бағыттауымыз керек», – деп атап өтті депутат.

Жиын соңында қатысушылар Әділетті Қазақстанды құру бағытын ұстану және Еңбек адамының өмір сүруіне қолайлы негіз жасау мақсатында бірлескен әлеует пен мүмкіндіктерді пайдалануға ниетті екендіктерін білдірді.

ҚРКФ медиаорталығы

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясыШымкент
Previous Post

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «КӘСІПОДАҚТАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА»

Next Post

САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН: «ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ӨЗГЕРТІП, ЕҢБЕКШІЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ АРТТЫРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі