13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілерге діни экстремизм туралы айтылды

11 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери қызметшілерге діни экстремизм туралы айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Діни экстремизм идеясының армия ортасына таралуына жол бермеу мақсатында 10216 әскери бөлімінің базасында Шымкент қаласы дін істері басқармасының теологы әскери қызметшілермен кездесті.

Қалалық дін істері басқармасының теологы Икрам Айтаев тыңдаушыларға тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда діни институттардың айтарлықтай сандық және сапалық өсуі болғанын хабарлады. Ол семинарға қатысушыларды түрлі діни ағымдармен таныстырды.
— Бүгінгі таңда біздің республикамызда 17 конфессияны білдіретін 3088 тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдары жұмыс істейді, — деп атап өтті Икрам Айтаев.
Теолог өз баяндамасында экстремизмнің туындау мәселелеріне ерекше назар аударды, кездесуге қатысушыларды діни қызмет саласында қабылданған заңға шолу жасады, сондай-ақ соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы белсенді таратылып жатқан діни ақпарат мәселелерін қозғады.
Сонымен қатар, тыңдаушыларға ел аумағында соттың шешімімен тыйым салынған деструктивті діни ағымдардың белгілері мен салдары айтылды, олардың қандай мақсатқа ұмтылатыны және адамдарды өз қатарына тарту әдістері туралы ақпарат жеткізілді.
— Егер біз халыққа, оның ішінде әскери қызметшілерге дін туралы дұрыс ақпарат бермесек, онда мұны сырттан келген радикалдар жасайтын болады, — деп қосты теолог.
Соңында Икрам Сатыбалдыұлы әскери қызметшілерді өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға және діни экстремизм идеяларының армия ортасына енуіне жол бермеу үшін қырағылықты ұмытпауға шақырды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Next Post

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «КӘСІПОДАҚТАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі