13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Nur otan» партиясының конференцияларында болашақ депутаттар іріктелді

10 ноября, 2020
in Жаңалықтар
0
«Nur otan» партиясының конференцияларында болашақ депутаттар іріктелді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысының аудан, қалаларында кестеге сәйкес, «Nur Otan» партиясының конференциялары өтті. Алдымен түске дейін Жетісай, Түлкібас, Шардара аудандарында жиындар ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталсақ.

Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс VІІ конференциясына партия филиалы төрағасы Жамантай Бейсенбаев төрағалық етіп жүргізді. Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 61 делегаттың бәрі қатысты. Күн тәртібіне сай конференцияда төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту; Облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну; Жетісай аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту;  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер талқыланды.

Жуырда праймериз өтіп, бірқатар азааттар іріктелген болатын. Конференция барысында солардың арасынан облыстық мәслихатқа үміткер 14 кандидаттың арасында жария пікір сайыс өтті. Жиын соңында делегаттар өз таңдауын жасап 7 үміткер облысқа ұсынылды. Аудандық праймеризде жоғары дауыс жинаған 42 үміткер аудандық партиялық кадрлық резервке алынды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХХ конференциясына 9 делегат сайланды.

Осындай жиындар Түлкібас және Шардара аудандарында да ұйымдастырылды. Пікірсайыстар мен конференция барысы тікелей эфирден көрсетілді. Бұл – саяси науқанның ашық әрі әділ өтуінің белгісі.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Арменияда бүлік басталды: Назарылар үкіметті құлатып, парламентті басып алды 

Next Post

Шардара: «Нұротандықтар» конференция өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі