13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 3650 ОҚУШЫҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТ ЗАТТАР ЖЕТКІЗІЛДІ

10 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 3650 ОҚУШЫҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТ ЗАТТАР ЖЕТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары Түркістан облысы әкімдігімен бекітілген еді. Аталған жоспарға сәйкес, облыстық және аудандық, қалалық деңгейде штаб құрылып, жұмыс жасалынып жатыр.
Осы жылы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген қағиданың 1 тармағында көрсетілген әлеуметтік осал топ отбасыдан шыққан 32 455 балаға мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1 3 166 019 мың теңге қаражат бөлінген. Облыстағы экономикалық есептеулер бойынша әр балаға мектеп формасына 40 567 теңге белгіленіп, 32 455 балаға ата-аналарының өтініштеріне сәйкес, есепшоттарға аударылды.
Тамыз айынан бастап, «Атамекен» ҰҚП-сы мектеп тауарларын өндіретін кәсіпкерлерді тарта отырып, 17 аудан, қала әкімдіктерінің шалғай ауылдарында бекітілген кестеге сәйкес «Мектеп жәрмеңкесі» өткізуде. Бұл мектеп формасына қатысты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді. Сонымен қатар демеушілердің көмегімен балаларға мектеп формасы мен оқу-құралдарын алып беру жұмыстары алдағы уақытта жалғасады.
Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан Түркістан облысының 3650 оқушысына мектепке қажетті заттар жеткізілді. Алдағы уақытта облыстық Жастар ресурстық орталығының мамандары тиісті жандарға табыстайды. Ал Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының қолдауымен 300 балаға мектеп сөмкесі берілді.
Еске сала кетейік, 1 тамыздан басталған «Мектепке жол» акциясы қыркүйектің соңына дейін жалғасады.
Tags: 13kz13kz.kz13кз«Мектепке жол»Түркістан облысы
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА АБАЙ КҮНІ ӨТІП ЖАТЫР

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ ЕРЕКШЕ ТОЙЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі