13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

9 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекенінде «RaiINTEX» компаниясының тігін филиалы іске қосылды. Кәсіпорын жылына 120 000 арнайы форма (ІІМ) тігуге қауқарлы. Жобаға жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 80 млн. теңгені құрайды. Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Сайрам ауданының әкімдігінің өкілдері өндіріс орнында болып, кәсіпорынның ресми ашылуына қатысты.
Аталған инвестициялық жоба барысында 110 жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі уақытта кәсіпорын 30-дан аса маманды жұмыспен қамтамасыз етіп үлгерді. «RaiINTEX» ЖШС-і Сайрам ауданына өндірістік қуаттарын кеңейтуде үлкен әлеуетке ие. Себебі Сайрам ауданы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша көш бастап тұр. Ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша екінші, халық саны бойынша 226,2 мың адамды құрап 1-ші орында.
Алдағы уақытта аталған компания Көлкент ауылдық округінде тағы бір тігін филиалын іске қосуды көздеп отыр. Жобаны іске қосу өңірде ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Tags: 13kz13kz.kz13кзСайрам ауданы
Previous Post

Д.САТЫБАЛДЫ САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

«ҚАЗАҚСТАН НЕЙРОХИРУРГИЯСЫ КӨРШІЛЕРДЕН ӘЛДЕҚАЙДА ДАМЫП КЕТКЕН»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі