13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарбаздармен әскери қылмыстар үшін жауапкершілік тақырыбында кездесу өтті

8 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
Сарбаздармен әскери қылмыстар үшін жауапкершілік тақырыбында кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің гауптвахтасында механикаландырылған бригаданың мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерімен практикалық сабақ өткізілді.

Әскери қызметшілермен Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлім бастығының орынбасары — қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшесінің бастығы подполковник Ержан Агибаев кездесті.
Ол сарбаздарға әскери қылмыстар үшін, оның ішінде зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтты. Әскери қызметшілерді гауптвахтада ұстау шарттарымен таныстырып, күн тәртібі мен міндеттері туралы хабардар етті.
— Әскери бөлімдегі тәртіп — әскери ұжымда құқықтық тәртіп пен жауынгерлік дайындықты сақтаудың маңызды факторы. Осы себепті құқық бұзушылықтардың алдын алу – әскери полиция органдарының үздіксіз назарында, — деп атап өтті подполковник Ержан Ағыбаев.
Сонымен қатар, әскери полиция бөлімінің өкілдері әскери қызметшілерге Қылмыстық кодекстің «әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынасының жарғылық қағидаларын бұзу» және «әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету» баптарын жеткізіп, түсіндірді.
Профилактикалық іс-шара соңында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясыШымкент гарнизоны
Previous Post

«АҚТАС» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Next Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі