13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі талқыланды

1 августа, 2023
in Жаңалықтар
0
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында белсенді азаматтық ұйымдардың өкілдерімен отырыс өтті. Жиынға «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы»» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы В.Пак, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін тқарушы Б.Тулегенов. Шымкент қаласының «Азаматтық Альянс» ЗТБ-нің төрағасы Ж.Білісбеков және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мүгедектігі бар адамдардың белсенді қоғамдық ұйымдарымен танысу;
2. Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасында сапалы және жүйелі жұмыс істеу үшін қолжетімді орта бойынша сараптамалық қауымдастық құру;
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу;
4. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс қимыл алгоритмі;
5. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасында 450 аялдамалардың және 800 әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талаптарына сай жасақталуы сөз болды.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айынан бастап «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» мен партия арасында тығыз қарым-қатынас орнап, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар адамдарды қамқорлыққа алуға, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы уақытта аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға көп күш салынып, тың бастамалар қолға алынады.

Tags: 13kz13kz.kz13кз«AMANAT» партиясыШымкент
Previous Post

Шымкент қаласы Қаратау ауданы тұрғындарының есептік кездесуде айтқан ұсыныстары

Next Post

ТҮРКІСТАН МЕН ТАШКЕНТ ОБЛЫСТАРЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДА НАҚТЫ ІСТЕРДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі