13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ 13 ЗИРАТ ОРЫНДАРЫ ЖАБЫЛУҒА ҰСЫНЫЛДЫ

31 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАРАТАУ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ 13 ЗИРАТ ОРЫНДАРЫ ЖАБЫЛУҒА ҰСЫНЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жабық зират — жерлеу аймағы  жаңа жерлеу орындарын құру үшін толығымен пайдаланылған зират болып табылады. Сондықтан, «Зираттар мен жерлеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларына, «Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» ережелеріне сәйкес келмейтін әрекеттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында Қаратау ауданы аумағындағы жерлеуге арналған зират орындарының толымдығын анықтау және жабуға ұсыныс енгізу бойынша арнайы комиссия құрылып, Заңға сәйкес өз жұмысын бастаған болатын.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша аудан аумағындағы жерлеу орындары белгіленген жер телімдері толған 13 зират жабуды қажет ететіндігі анықталды. Олар: «Лутфилла» мазараты, «Қарашаш Ана» кесенесі, «Қазы Байзавий» кесенесі, «Мірәлі баба» кесенесі, «Мариям Ана» кесенесі, «Балагардон баба (Абдул Азиз)» мазараты, «Махмудхан Ата» кесенесі, «Гузал Ата» кесенесі, «Лангар Ата» мазараты, «Сархалка баба» кесенесі, «Батыр бабалар» зираты, «Хожаи Солих» кесенесі, «Жүсіп Баба» ескі қорымы аумақтарында орналасқан жерлеу орындары.

«Соңғы уақытта жергілікті тұрғындар зираттарда жерлеу орындары болмаса да, жерлеу рәсімдерін жасап жүрген азаматтардың  Заңға қайшы әрекеттері жиі орын алатындығын айтып шағымданған болатын. Осы орайда, аудан басшысының тапсырмасымен жедел комиссия құрылып, аудан аумағында орналасқан барлық зираттарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар нәтижесінде жабуға ұсынылатын зираттар бойынша Қаулы жобасы әзірленді »-деді, аудан әкімі орынбасары, комиссия төрағасы А.Парманов.

Еске сала кетейік, аудан әкімі аппараты аталған 13 орындағы зираттар жабылғанымен, тұрғындардың бұл орындарға келіп зиярат етуіне ешқандай шектеу қойылмайтындығын ескертті.

Tags: 13kz13kz.kz13кззияратШымкент
Previous Post

Шымкентте ашылған жаңа «Миграциялық ХҚКО» 20 мыңнан астам қызмет көрсетті

Next Post

Түркістан облысында әскери жаттығулар өткізілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі