13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарланып отыр

26 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте құс қалдықтарынан биоотын дайындау жоспарланып отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Жылына 72 миллион дана жұмыртқа өндірілу керек. Үшінші мегаполисте биоотын жасау қолға алынуда. Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қала халқының ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтыну қажеттілігін арттыру мақсатында биыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарға қойылған. Осыған орай Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрған алабында жаңадан тағамдық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы бой көтеруде.

Аталған құс фабрикасының аумағы 28 гектарды құрайды. «Аймар құс» аталатын құс фабрикасының жалпы инвестициялық құны 4 млрд.теңге. Жоба бойынша 1-ші кезеңде 220 мың құсқа арналған жеңіл конструкторлы құс фабрикасын құрып, жылдық қуаттылығы 72 миллион дана жұмыртқа өндірілу керек. Қазіргі уақытта тәуліктік балапандарға арналған 2 қора жай және мекиен тауықтарға арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталып, толықтай құрал жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар, қосымша қора жай құрылыстары қарқынды жүріп жатыр.

Құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қазан айында аяқтау жоспарға қойылған. Құс фабрикасына сатып алынған құрал жабдықтар сапалы, әрі Германияда құрастырылған. Жоба толықтай іске қосылғанда 100-ге жуық жаңадан жұмыс орны ашылатын болады. Құс шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта құстан шыққан қалдықтардан биоотын және биогумус дайындап экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді жоспарлап отыр. Ақпарат үшін айта кетсек, биоотын өндірісі — экономиканың жаңа түрі. Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Тағы да басқа целлюлозадан және органикалық әртүрлі типті қалдықтардан алынып бағытталған әр түрлі дәрежедегі өңделген жобалар кездеседі, бірақ бұл технолгоиялар әлі бастапқы кезеңдегі өңдеуде немесе коммерциялылықтануда. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын .

Previous Post

Шымкенттік кәсіпкер қайтарымсыз грантпен кәсібін дөңгелетіп әкетті

Next Post

АБАЙ АУДАНЫНДА 14 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі