13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Самал -3 шағынауданында 4 мыңнан астам абонент кәріз жүйесіне қосылады

26 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Самал -3 шағынауданында 4 мыңнан астам абонент кәріз жүйесіне қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда қаладағы 81 шағын ауданның 24-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында Самал-3 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары пысықталды. Күні кеше аталған елдімекенді аралау кезінде Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, жол құрылысы барысын тексерген болатын. Бүгінгі жиында шағынауданды аралау кезінде анықталған өзекті мәселелер мен халықтың талап-тілегі талқыланып, шешу жолдары ұсынылды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тапсырысымен аталған мекен жайда 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, былтырғы жылдың соңында қолданысқа берілген.

Қазіргі таңда мамандар тұрғындар арасында кәріз жүйесіне қосу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша канализациялық желілердің ұзындығы 37,3 шақырымды құрайды. Нысан 4 мыңнан астам абонентті орталықтандырылған желіге қосуға мүмкіндік береді. «Тұрғындардың көпшілігі жол салынып болған соң кәріз тартуға өтініш береді. Сондықтан, мен жол құрылысын инженерлік желілер толық тартылған соң бастауды ескерттім. Бұл ретте абоненттерді қолайлы бағада канализациялық желіге қосуды ұсыну қажет. Жауын-шашында су басу қаупі туындамас үшін ирригациялық жүйелердің де талапқа сай жүргізілуін бақылаңыздар», — деді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға тұрғындар арасында кәріз жүйесінің тиімділігін түсіндіре отырып, халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ жол және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысын жүргізуде тиісті басқармалардың жұмысын үйлестіруді ескертті. Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы 81 шағын ауданның 24-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Биыл 10 нысанның құрылыс жұмыстарына тиісті қаражат қаралған. Жыл қорытындысымен 6 нысанның, атап айтқанда, Мирас-Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық шағынауадандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент канализация жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады.

Previous Post

Шымкент: «TEN QOGAM» орталығында қызмет алушыларға 300-ге жуық кітап қоры ұсынылған

Next Post

Шымкент: «Бозарық» индустриялық аймағы жыл соңында іске қосылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі