13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Биыл самал-3 шағынауданында 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

25 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Биыл самал-3 шағынауданында 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалпы биыл Самал-3 шағын ауданында 25,2 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда. Айта кетейік, шағын ауданда 2025 жылға Төлепбергенов, Алтынбастау, Ештай ата, Арайтаң, Әлменов, Ақтасты, Тәуекел хан көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Ақпарат үшін айта кетсек, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең. Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде.

Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті. 2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды. 2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді. Осылайша, биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.

Previous Post

Шымкентте жаңа оқу жылына дейін 9 білім ғимараты күрделі жөндеуден өтеді

Next Post

Шымкентте 5 жылда қандай жаңа бастама мен ірі жобалар атқарылды?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі