13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАРИХИ КЕРУЕН– ШЕРУ БАСТАЛДЫ

27 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАРИХИ КЕРУЕН– ШЕРУ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен, аталған орталық директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының бастамасымен оқушылардың жазғы демалысын үнемді пайдалану, мәдени және тарихи мұраларды дәріптеуге және тарихи естеліктерді сақтауға баулу мақсатында «Облыс тарихы» керуен-шеруі Отырар, Қазығұрт, Түлкібас, Бәйдібек, Сайрам аудандары мен Шымкент, Түркістан қалаларында ағымдағы жылдың 26 маусым — 1 шілде күндері аралығында өткізіледі.
Керуен-шерудің салтанатты ашылуы Шымкент қаласы, Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернатының ғимаратында әр аудан, қалалардан 10 оқушыдан құралған, түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дарынды, өнерлі, өз елінің патриоттары яғни, 170 оқушының қатысуымен өтілді.
Бес күндік іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Бақытжан Қабайұлы, тарихи керуен-шеруге қатысушы балалар мен олардың жетекшілеріне өзінің ақжарма алғысын айтып, алдағы саяхатқа сәт-сапар тіледі.
Айта кетейік, «Облыс тарихы» атты керуен-шеруі (бұдан әрі — байқау) 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі Түркістан облысының 2022–2024 жылдарға арналған жол картасы негізінде және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өткізіліп келеді.
Еске салсақ, «Керуен шеру-2018» – мектептегі жоғары сыныпты қамтитын, шығармашыл жастолқынды шабыттандыратын жоба. Кезекті дәстүрлі шара аясында озат оқушылар күнгейдің киелі жерлерін аралап, төл тарихымен танысқан еді. Шеру баптар елі – Сайрамнан бастау алып, рухани шахар – Түркістан мен таулы өлке – Қазығұрт, Төле би, Бәйдібек аудандарында ұласып, шәкірттердің шежіредегі сауаттарын арттырған болатын. Және саяхат аясындағы алған әсерін көппен бөлісіп, жеткізуі үшін өзара топтаса сайыстар да ұйымдастырылған еді. Жеңімпаздар арнайы марапатталып, құрметке бөленген еді. Алғыс хаттар тапсырылып, осынау жобаға әр аудан-қаладан 10 оқушы, барлығы 150-і жолдама алған болатын.

Previous Post

Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

Next Post

Түркістан облысының прокуроры БАҚ өкілдерін құттықтады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі