13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Сотталған азаматтар жаңа жоба аясында арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады

12 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Сотталған азаматтар жаңа жоба аясында арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады
Share on FacebookShare on Twitter

Жоба аясында 30 сотталған оқып жатыр.  Сотталғандар енді жаңа жоба арқылы арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Қасымбекұлы прокуратура органдарының 6 айдағы атқарған жұмыстары төңірегінде өткен баспасөз брифингінгте айтты. «Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» атты Жоба аясында 30 сотталған оқып жатыр. Ал сотталғандардың 60-ы қыркүйек айынан бастап 10 айлық оқуға жіберіледі.

Оқу аяқталғаннан кейін тиісті диплом, сертификаттар беріліп, жұмысқа орналастырылады. Басты мақсатымыз — сотталғандарды әлеуметтік ортаға қалыптастыруға бағытталды. Бұл жұмыстармен шектелмей сотталғандарды түзету мақсатында оларды спортқа баулу жүзеге асырылуда. Ол үшін спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ 11 дана теннис үстелі, 22 дана ракетка мен тор, 93 дана үстел теннис добы, 4 дана волейбол торы, 16 дана волейболға арналған доп, 4 дана бадминтон сеткасы, 8 дана бадминтонға арналған ракетка, 24 дана бадминтон воланы, 3 дана армреслинг үстелі, 3 дана сақинасы бар стритбол қалқаны, 9 дана стритбол добы, 15 дана шахмат, 15 дана тоғыз құмалақ.

Жазаны өтеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау орнатылып, бақылау-өткізу режимі күшейтілді. Бейнемониторинг нәтижесінде қаскөйлік тәртіп бұзушылықтар 27% төмендеді (122-ден 89-ға)», — деді прокурор. Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласы прокуратурасының 2023 жылдың 6 айда атқарылған жұмыс қорытындылары жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта баспасөз брифингі өтті. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов жыл басынан бері азаматтардың құқығын қорғау, қылмыстың алдын алу, бизнесті қорғау, коммуналдық тарифтерді төмендету және тағы басқа бағыттардағы жұмыстарды баяндады. Ғабит Қасымбекұлының мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 3508 қылмыс тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 34 пайызға төмендеген. Қылмыстардың басым бөлігі – алаяқтыққа қатысты. Ол жалпы қылмыстың 37,5 пайызын (1316) құрап отыр. Ұрлық жасау (1056), есірткіге қатысты (295) қылмыс та негізгі көрсеткіштердің бірі.

Previous Post

Шымкентте «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы іске асырылып жатыр

Next Post

«Мейірім - жүректен»: Шымкентте оқушыларға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі