13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қылмыстық істер 34 пайызға төмендеген

12 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қылмыстық істер 34 пайызға төмендеген
Share on FacebookShare on Twitter

Ғ.Қасымбекұлы коммуналдық тарифтерді төмендету, бизнесті қорғау, құқықтық білімді арттыру жобасы және тағы басқа бағыттар бойынша жұмыс барысына тоқталды. Шымкент қаласы прокуратурасының 2023 жылдың 6 айда атқарылған жұмыс қорытындылары жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта баспасөз брифингі өтті. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов жыл басынан бері азаматтардың құқығын қорғау, қылмыстың алдын алу, бизнесті қорғау, коммуналдық тарифтерді төмендету және тағы басқа бағыттардағы жұмыстарды баяндады.

Ғабит Қасымбекұлының мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 3508 қылмыс тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 34 пайызға төмендеген. Қылмыстардың басым бөлігі – алаяқтыққа қатысты. Ол жалпы қылмыстың 37,5 пайызын (1316) құрап отыр. Ұрлық жасау (1056), есірткіге қатысты (295) қылмыс та негізгі көрсеткіштердің бірі.

– Қылмыстық істердің 56 пайызы (1967) сотқа жолданды. Қазіргі таңда жасөспірімдер қылмысы алаңдатып отыр. Әрине, құзырлы органдардың күшімен мұны толықтай шешу мүмкін емес. Қызметкерлеріміз профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы орайда ата-аналарға үндеу жасаймын. Оларды балалардың тәрбиесіне көңіл бөліп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қадағалауға шақырамын. Осы мақсатта жұмыстарды бірлесе атқаруымыз керек, – деді қала прокуроры.

Шымкент қаласы прокуратурасы жергілікті құқық қорғау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Сондай-ақ, Ғ.Қасымбекұлы коммуналдық тарифтерді төмендету, бизнесті қорғау, құқықтық білімді арттыру жобасы және тағы басқа бағыттар бойынша жұмыс барысына тоқталды. Брифинг барысында қала прокуроры Ғ.Мұқанов, қала прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Previous Post

Шымкент: Ауруханада хирургиялық төсек орын саны көбейтілді

Next Post

Шымкентте «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасы іске асырылып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі