13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Армия авиациясының ұшқыштары оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады

9 ноября, 2020
in Қоғам
0
Армия авиациясының ұшқыштары оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының әскери ұшқыштары 15-30 метр шағын биіктік шегінде күрделі бедерлі таулы жерлерде оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады.
Осындай жаттығулар жеке құрамның жауынгерлік даярлығын қолдап, армия авиацияларында ұшуды басқару, әуе навигациялары мен жауынгерлік қолдану техникаларының дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
Бұл жаттығуларды орындар алдында ұшқыштармен таулы жерлерді бағдарлау, жердегі іс-қимылды пысықтау және оларды автоматтандыруға келтіру жөнінде сабақтар өткізіледі. Таулы жерлерде ұшақты басқарудың негізгі ерекшелігі – шығарылған ауа. Аталған оқу-жаттықтыру ұшулары барысында барынша көп санда экипаждар мен тікұшақтар қатысты.
Ұшқыштар алғаш рет МИ-35М тікұшағында ұшуды басқару дағдыларын меңгеріп, машықтарын бекітті. Олар тау бөктерін айналып шығып, шатқалдардан өту техникасы мен 2500 метр биіктікте асуларды бағындыру, биік тау аймақтарында ұшу және қону техникаларын пысықтады, осылайша ұшуларды жауынгерлік қолданыста орындап шықты.
«Ұшу құрамы әрдайым, кез-келген ауа-райында, күндіз-түні жауынгерлік даярлықта болуы тиіс. Ұшқыш жерлердің әр қыртысын біліп, шатқалдар мен өзен арналарында жасырынуға, қажет кезінде орман шетінде бүркемеленіп, сонымен қатар жеке немесе топта қажетті жауынгерлік операцияларды орындай білуі қажет», — деді армия авиациясының ұшқыш-нұсқаушысы подполковник Бауыржан Сағындықов.
Ұшулар шағын биіктіктер шегінде кенеттен берілген соққылар үшін армия авиациясын барынша тиімді қолдануға, шабуылдан кетуге және қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін байқауға мүмкіндік береді. Осындай жаттығуларды орындауға 50-ден 100 метрге дейін шағын биіктіктерде ұшу тәжірибесі бар ұшқыштар жіберіледі.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоны
Previous Post

Қорғаныс министрлігі әскери комиссариаттардың жаңа келбетін қалыптастыруда

Next Post

Шымкенттік әскерилер жол апатын алдын алудың ерекше тәсілін ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі