13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әуезов университеті Сиань университетімен ынтымақтақтастық орнатты

7 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Әуезов университеті Сиань университетімен ынтымақтақтастық орнатты
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әуезов университеті Қытай сапарының аясында Сиань медицина университетінің жұмысымен танысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығы халықаралық байланыстырды нығайту мақсатында Сиань халықаралық зерттеулер университінің өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ақапаратына сәйкес, кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында білім алуы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі, оқытушылармен алмасуы, бірлескен зерттеулер жүргізу және оқу орнының халықаралық бастамаларға қатысуы бағытындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктері талқыланды.

Бұл ынтымақтастық студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, профессор оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің үлкен мүмкіндіктеріне жол ашады. Сонымен қатар, Әуезов университеті Қытай сапарының аясында Сиань медицина университетінің жұмысымен танысты. Айта кетейік, 2023 жылғы 4-7 шілде күндері Шымкент қаласының өкілдері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізуде. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында баақарма басшылары, аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдері бар. Іс-сапардың негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.

Еске сала кетсек, былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 миллион АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор. Қытай тарапы республикадағы үшінші қаланың осындай мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, түрлі салада ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқан болатын. Бас консул қыркүйек айында Шымкент делегациясын Сиань қаласында өтетін экономикалық мәселелер талқыланатын ауқымды шараға қатысып, қаланың мүмкіндіктерімен танысуға шақырған еді.

Previous Post

Шымкентте 240 мың тонна өнім сақтайтын кешен салынып жатыр

Next Post

​Астана күніне орай Шымкентте балаларға арналған алаңшалар ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі