13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент балалар клиникалық ауруханасында жыл басынан бері 34 нәрестеге ота жасалған

10 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент балалар клиникалық ауруханасында жыл басынан бері 34 нәрестеге ота жасалған
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл аурухана тағы бір бөлімшемен толықпақ. Жыл басынан бері шымкент балалар клиникалық ауруханасында 33 154 науқас балаға медициналық көмек көрсетілген. 5392 науқас стационарлық ем қабылдап, сауығып шыққан. Жалпы ауруханада білікті дәрігерлер 1477 ота жасап, оның ішінде 426-ы жоспарлы түрде, 1051-і шұғыл түрде, жаңа туған нәрестелерге 34 ота жасалған.

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы – балаларға мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсететін заманауи көпсалалы аурухана. Онда қабылдау бөлімі, жарақат бекеті, хирургиялық және соматикалық бейіндер бойынша медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Биыл қалалық жұқпалы аурухана орталығы балалар ауруханасының балансына өтті. Сондықтан, ұйымда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруда ауруханада жаңадан 2 корпус ашылды.

төсек-орын саны (495) ұлғайтылды. Жаңа ғимаратта пульмонолгия ерте жастағы балалар бөлімшесі, пульмонология ересек балалар бөлімшесі, педиатрия, неврология, реанимация бөлімшелері орналасқан, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, КТ, рентген, УДЗ, ФГДС аппараттары жұмыс жасайды. Пациенттерге сапалы ем алуға барлық жағдай қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа орталықта жоспарлы және шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіледі. Тағы бір айта кетерлігі, балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуда мекемеде материалдық-техникалық база жаңарды. Қазір керек-жарақтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 94%-ды құрайды.

Лор-комбайн, МРТ, нейрохирургиялық микроскоп, ангиограф, цифрлық рентген-аппарат, «Клинитрон» төсегі, ӨЖЖ аппараттары, IT-техникалардың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Өткен жылы ашылған ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен емдейді. Қалалық балалар клиникалық ауруханасы Шымкентте сапалы, жедел, қолжетімді медициналық көмек көрсетуде алдыңғы қатардағы мекемелердің бірі. Биыл аурухана тағы бір бөлімшемен толықпақ. Қазіргі таңда офтальмология бөлімшесін ашуға дайындық жұмыстары басталып, мамандар даярлануда.

Previous Post

Шымкент: Басқарма тарапынан мемлекеттік 30-дан астам қызмет түрі көрсетілді

Next Post

Шымкентте биыл 160 нысан салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі