13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Мұрат Әйтенов құрылыс мәдениетін сақтау керектігін айтты

20 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Мұрат Әйтенов құрылыс мәдениетін сақтау керектігін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазір қалада 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының Мұрат Әйтенов: кәріз жүйелерін жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтау керектігін тапсырды.

Қазір қалада 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Канализациялық құбырлар Мирас-Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық елдімекендеріне тартылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданының кәріз коллекторының құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын қадағалады. Жоба бойынша коллектордың жалпы ұзындығы — 20 шақырым. Нысан толық аяқталғанда 131 800 абонент орталықтандырылған жүйе арқылы су бұруға мүмкіндік алады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталып, қолданысқа берілетін болады. Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз коллекторының құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті. Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 6 елді мекенде кәрізбен қамту жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам желіге қосылуға мүмкіндік алады. Осылайша биыл мегаполисте канализациялық желімен қамту көрсеткіші 60% — дан 65% — ға дейін артады. Келесі жылы кәріз құбырларын 12 нысанда жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылы 10 нысанның құрылысы аяқталып, елдімекендердің 75% -на канализация жүйесі тартылады. Еске сала кетсек, Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған.

Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады. Еске сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының Бас жоспары қабылған болатын. 2035 жылға қарай қала халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралған.

Previous Post

Шымкент: Сыр тұнған Сайрамға саяхат

Next Post

Шымкент: Конгресс-холл ғимаратының құрылысы жуырда аяқталады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі