13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы мектеп салу бойынша республикада көш бастап тұр

19 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы мектеп салу бойынша республикада көш бастап тұр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында мектеп саны мыңнан асты. Бұл республика бойынша рекордтық сан. Бұған қарамастан облыс үшін мектеп қажеттілігі әлі де бар. Сондықтан мектеп құрылысы әлі де жалғасын табады. Президент бастамасымен қолға алынған “Жайлы мектеп” жобасы аясында 2023-2024 жылдары 63 мектептің құрылысы бекітілді. Бұл мектептердің жұмысы және өңіріміздің білім сапасын арттыруда барынша тиімді пайдалану жағын қарастырудамыз. Сондай ақ, мектептер 395 жаңа модификацияланған кабинеттермен (химия, биология, физика) жабдықталатын болады.

Сонымен қатар, облыста күрмеуі көптен бері шешілмей келген мәселе — оқушылардың тасымалы. Биыл ол шешімін тапты. Облысқа 101 жаңа, заманауи автобустар лизингпен алынды. Бұл көліктер қазіргі кезеңдегі ең озық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл автобустар мектептері жоқ ауыл балаларының қауіпсіз әрі жайлы тасымалын ұйымдастыратын болады.

Ауыл демекші. Биыл ауыл мектептерінің сапасын арттыру мақсатында Отырар ауданында алғаш тірек мектебі жасақталды. Заманауи үлгіде жасақталған бұл мектепте Назарбаев зияткерлік мектебі тарапынан білім сапасын арттыру, басқару жөнінде мұғалімдер мен директорларына тренинг сабақтар жүріп, ол әрі қарай ауданның 6 ауылдық мектебіне басшылық жасап, үлкен әдістемелік орталыққа айналады.
Облыстық білім саласының бюджеті 600 млрдтан асты. Үш жылдық қаражаты бекітілді. Соңғы жылдар ішінде алғаш рет оқу жылын мұғалімдер алдында қарызсыз жаптық. Бірақ біздің басты мақсатымыз қаржы жүйесінде заңбұзушылыққа жол бермеу. Сондықтан қаражаттың тиімді әрі заңды жұмсалуын қамтамасыз ету үшін бұлтты бухгалтерия жобасы енгізілуде. Қазіргі таңда үш аудан апробациядан өтті. Алдағы уақытта бүкіл облыстық білім ұйымдары осы бағдарлама негізінде жұмыс істейтін болады.

Біз үшін кері байланыс орнату өте маңызды. Сондықтан әр бейсенбі азаматарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіліп тұрады. Бір жылдың ішінде 200-ден аса осындай қабылдауларды өткізіп, онда көкейкесті мәселелерді ашық талқылап қана қоймай, шешімдер қабылданады. Апта сайын 17 білім бөлімі басшыларымен, колледж және дарынды балаларға арналған мектеп жалпы облыстық білім мекемелерінің басшыларымен аппараттық жиындар өтеді.

Азаматтар сұрақтар туындаған жағдайда біздің колл-центрге хабарласа алады. Бір жылда 1000-нан аса қоңырау, 300-ден аса электронды хат түсті. 730 мәселе қаралып, шешімін тапса, қалғандарына сөйлесу барысында түсіндірме берілді.

 

Previous Post

Түркістан облысы: Білім саласында “Bala qorgau” жобасы жүзеге асырылуда

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АҚЫЛЫ ОҚУҒА ТҮСЕТІНДЕР ТАМЫЗДАҒЫ ҰБТ-ҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі