13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі ауызсумен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырды

19 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі ауызсумен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Құрылыс талаптарын қатаң сақтап, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халыққа қолайлы жағдай жасау үшін ауызсумен қамту жұмыстарын күшейту қажеттігін тапсырды. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабында болып, атқарылып жатқан құрылыс барысын қадағалады. Жобалаушы мекеменің 3 кезеңнен тұратын жобалау – сметалық құжаттамасының сараптама қорытындысы алынып, қазір мердігер компания құрылысқа қызу кіріскен.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс талаптарын қатаң сақтап, сапасыздыққа жол бермеуді ескертті. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін жұмыстарды күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Қазіргі таңда Шымкентте 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендерінің тұрғындары әзірге кесте бойынша ауыз су тұтынады. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізілуде. Бүгінге дейін мұнан бөлек 170 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 75%-ы орындалған. Биылғы жылдың соңына қарай жобаны толық аяқтау межеленген. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекемелерге жұмысты ширатуды, әрі соған сай сапалы орындауды тапсырған болатын. Ал «Сайрам» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау- сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған.

Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3- кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-гі тарапынан жобалау- сметалық құжаттамасы да әзірленген. Қазір мердігер мекеме “Мелиоратор” ЖШС-гі тарапынан құрысылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі және нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде мегаполис елдімекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — атап өткендей Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Жоспарға сәйкес жылдың қорытындысымен аталған 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Осылайша биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін артатын болады.

Previous Post

Шымкентте Аналар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады

Next Post

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі