13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі бірқатар елдімекендерде көшелер жөнделіп жатыр

19 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі бірқатар елдімекендерде көшелер жөнделіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Шымкенттегі Бадам-1, Қаратөбе тұрғын алаптарындағы көшелер орташа жөндеуден өтуде. Биыл қаланың даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орталықтан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жөндеуге басымдық берілуде. Қазір шалғай елдімекендердегі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қарқын алды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге Бадам-1, Қаратөбе тұрғын алаптарында болып, ондағы көшелердің жөндеу жұмыстарын тексерді. Бадам-1 тұрғын алабының жалпы аумағы 22,2 шақырымды құрайды, оның 20,7 шақырымы асфальт жол.

Қазір Баян батыр, Бірлік, Атауы жоқ №1, Бесшатыр, Ирисбеков көшесінің атауы жоқ тұйықтары және атауы жоқ №1,2,3,4,5 көшелері де орташа жөндеуден өтуде. Жоба бойынша бұл көшелерге 3,3 шақырым асфальт төселеді. Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда. Қаратөбе тұрғын алабының жалпы аумағы 22,7 шақырымды құрайды, оның 20,6 шақырымы асфальт жол. Мұрат Дүйсенбекұлы 1,2 шақырымдық Домбыралы көшесінің жол құрылыс жұмыстарын қадағалады.

Жалпы, биыл бұл аумақта 3 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Құрылыс енді Гүлабад, Бахриз Рамиз, Қапал батыр №1, 2, 3, 4 көшелерге, және тұйықтарға жүргізіледі. Ал Ризақ палуан, Жаңақұрылыс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда. Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды үлестіре отырып, нысандарды мерзімінде қолданысқа беруде нақты тапсырмалар жүктеді.

Previous Post

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Next Post

Шымкентте Аналар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі