Отырар ауданында балалардың жазғы демалысын көңілді әрі қызықты өткізу мақсатында Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы Отырар жазғы сауықтыру лагерінде барлық жағдай жасалған.
Осы орайда, аталған жазғы демалыс орнында биыл Отырар ауданынан 900 бала демалып қайтпақ. Жанға рақат сыйлаған лагерде сурет салудан байқау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін таңғы жаттығу, флешмоб ұйымдастырылып, балалардың көңілін сергіту жұмыстары атқарылып келеді.
Көңілге шуақ төккен көрікті мекенде әр күні қызықты, мазмұнды болып өткен демалысқа ата-аналар да, жазғы демалысын өткізген балаларда дән риза. Мұнда балалардың демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасында спорттың шахмат, дойбы, арқан тарту, ләңгі, асық ату ойындарынан сайыстар өткізіліп келеді. Жас жеткіншектер мұнда өз өнерлерін паш етіп, патриоттық әндерді шырқады.Балалар лагерінде ойын алаңдары, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру орталығы, жазғы бассейн тегін қызмет көрсетеді. Демалушы балалар ыстық тамақпен, жатын орындармен қамтамасыз етілген.
Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.
Биыл жазғы лагерьлерде жалпы 2 000 баланы қамту жоспарланған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тегін жолдама ұйымдастырылған. Балалар күнделікті 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 10 күндік демалыс кестесіне сәйкес жоспар бекітіліп, балалардың уақытын тиімді өткізу басқарма тарапынан бақылауға алынған.