13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“АЙБЫН-2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

26 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
“АЙБЫН-2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

17-23 маусым күндері Қарағанды облысы Спасск оқу жаттығу базасында Айбын 2023 халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді. Жарысқа Әзірбайжан, Өзбекстан командаларын қосқанда 43 команда 700 жуық жас сарбаздар қатыстысып өз бақтарын сынады жиынға Түркістан облысы атынан Арыс қаласының «Арыс» әскери-патриоттық клубы қатысып облыс намысын қорғады.

Жиын қорытындысы бойынша Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Облыстар арасында болған сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған «Арыс» әскери патриоттық клубы жүлделі III орынға ие болды.

Бұдан өзге оқушылардың ауыз толтырып айтар жетістігіде аз емес. Мәселен, шалқалап жатып денені көтеру (пресс) сайысында қыздарымыз топ жарып І- ОРЫН иеленіп, топ мүшесі Атажан Айдана минутына 79 мәрте жаттығу жасап рекорд жасады. Ал жалпыәскери қорғаныш жиынтығын плащ түрінде кию (ОЗК) сайысында «Арыс» ӘПК мүшелері Баймұрат Нұрдаулет және Үсен Еңлік командалық есепте 1-ОРЫН алды. Және жекелей ұлдар арасында Баймұрат Нұрдәулет, қыздар арасында Үсен Еңлік 1-ОРЫН алып рекорд жасады.

Жарысқа 43 командадан тұратын 700-ден астам жасөспірімдер мен оқушылар қатысты.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен жастар жиналды. Оған Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтарының, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, конкурстық іріктеуден өткен облыстық әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері қатысты. Биылғы жиынға алғаш рет Әзербайжан мен Өзбекстанның командалары қатысып отыр. Байқауға 14-17 жас аралығындағы балалар қатысты.

Байқау бағдарламасында «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны және «Күшіміз – бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы және Smart Sarbaz робототехника сайысы бар. Әскери-спорттық, әскери-қолданбалы спорт түрлері және әскерилендірілген эстафета бойынша жарыстар өткізілді.
Белтемірге тартылу сайысы бойынша ұлдарымыз командалық есепте ІІІ-ОРЫН алып, топ мүшесі Мырзақасым Азамат белтемірде 47-рет тартылып жекелей ІІІ ОРЫНҒА ие болды.
Ұлттық ойын тоғызқұмалақ сайысында топ мүшесі Шынбөрі Аяулым жүлделі ІІ-ОРЫН иеленді.
Түркістан облысының «АРЫС» әскери патриоттық клубына айтар алғысым шексіз. Ұлдарымыз бен қыздарымыз Халықаралық додада Түркістан облысының намысын қолдан бермей бар күштерін салып сайысты. Бұдан да биік асуларды әлі алатынына сеніміміз мол.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 16 ОҚУШЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Next Post

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі