13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Департамент қызметкерлері жазғы сауықтыру лагерлеріне моиторинг жүргізуде

22 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Департамент қызметкерлері жазғы сауықтыру лагерлеріне моиторинг жүргізуде
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары жазғы сауықтыру лагерлеріне мониторинг жасады.

Департаменттің бас маманы Бейбіт Казбеков Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Сарыағаш ауданында орналасқан “ Балдәурен” жазғы сауықтыру лагері КММ де болды.

Аталмыш орталықта бір ауысымда 318 бала демалады. Санитарлық қадағалау бойынша қорытындылары бар. Лагерь биылғы кезеңі маусым айының 8- жұлдызында ашқан. Төрт корпуста жатып демалады. Ішкі даретханасы жоқ, сыртта орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған құрылғылар жоқ, бейне бақылау камерасы жоқ. Төтенше жағдайларға байланысты қажетті тақтайшасы жоқ. Антитеррорлыққа қарсы жұмыстар жүргізілмеген. Мұнда жұмыс жасайтын тәлімгердің оқу жоспары бар, жоспар бойынша оқушылармен жұмыстар істелініп жатыр. Дәрігерлік аумақ қарастырылған. Асханасы ғимарат аумағында орналасқан 4 мезгіл ас ауқат беріледі. Сыртта демалушы балдарға арнап шомылатын бассейн және спорттық іс-шара өткізетін орындары бар. Барлық ата-аналардың байланыс номерлері бар, келіп кетушілерді жазып алуға арналған журналдары бар. Демалушы оқушылар жайында сырттағы тақтайшаға толық мәлімет берілген. Арнайы күзет қызметі жоқ яғни олармен келісім шартқа отырмаған. Төтенше жағдайлар бойынша қорытынды берілмеген.

Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетіп, жалпы қала сыртындағы лагерлер – 41 597 баланы, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 баланы қамтылып отыр. Лагерлерде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалуда. Бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңге. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылмақ. Сондай-ақ, мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын – 330 лагерь, 580 ойын-сауықтыру алаңшалары балалар үшін тегін қызмет көрсетуде.

Previous Post

Шымкентте тағы бес индустриалды аймақ ашу жұмыстары қолға алынды

Next Post

Шымкентте «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі