13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Алтын белгі иегерлері марапатталды

23 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Алтын белгі иегерлері марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ұстаздың қашан да өз шәкірттерінің білім деңгейі мен жетістіктеріне қарай мәртебесі, мерейі артады. Аяқталған оқу жылы №32 Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі ұстаздары мен оқушылары үшін қуанышты жеңісті, жемісті жыл болды.ҰБТ нәтижесі бойынша 11 сыныпты бітіруші түлектер:

Махамбет Сейдахмет — 126 балл
Ергешбай Мадина — 120 балл
Махамбет Нұрымбет — 113 балл
Акрамова Сабина — 112 балл жинап, алтын белгі иегері атанды. Мектеп директоры Жолдасбекова Жамиля Амантайқызының қатысуымен өткен аттестатты салтанатты түрде табыстау жиынында білім ордасының мақтаныштарына арнайы сертификаттар табысталды. Білек пен бірді жықпай, біліммен мыңды жығатын жаңа дәуір жастарына, жас талапкерлерге өздері көздеген маман иегерлері атанып, мақсатта биік шыңдарда көрінулеріне тілектеспіз.

Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев «Алтын белгі» иегерлерін арнайы марапаттап, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыстады.

– Білімді де дарынды жастар – еліміздің болашағы. Бұл марапат сіздердің үлкен жетістіктеріңіздің басы ғана. Ақылды әрі еңбекқор адамның алмайтын қамалы, бағындырмайтын белесі жоқ. Сіздердің жаңа биіктерге шығып, еліміздің дамуы мен көркеюіне үлес қосатын мықты маман болатындарыңызға кәміл сенеміз! Халқымызды жарқын болашаққа жетелейтін де, жеткізетін де өздеріңіз, – деп аудан әкімі Арман Абдуллаев жеткен жетістіктерін бағалап және үлкен өмірге басып жатқан қадамдарына сәттілік тіледі.
Сарыағаш ауданында биылғы оқу жылында негізгі мектепті 3093 оқушы тәмамдады. Соның ішінде, аудан бойынша барлығы 158 оқушы барлық талаптарды орындап, яғни үздік баға алып, «Алтын белгі» белгісінің иесі атанды. Айта кетерлік жайт Сарыағаш ауданының түлектері оқу үлгерімі жағынан жылдан жылға жоғары көрсеткіштер көрсетуде.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТІКТЕР ТАЗА АУЫЗ СУ, САПАЛЫ ЖАРЫҚ, КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі