13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: 52 колледжде 11 мыңға жуық бітіруші түлекке дтплом табыстау рәсімі өтті

4 июля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: 52 колледжде 11 мыңға жуық бітіруші түлекке дтплом табыстау рәсімі өтті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы бітірушілер туралы айтар болсақ, облыс көлемінде 52 колледжде 11 мыңға жуық бітірушілер оқуларын аяқтап, диплом алып шықты.

Дәстүрлі диплом беру рәсіміндері барлық аудан қалада орналасқан колледждерде ұйымдастырылып, онда жұмыс берушілер, кәсіпорындар, жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер палаталары және ата-аналар қатысты.

Сондай ақ, осы іс-шараларда жұмыс берушілер 119 бітірушіге жұмысқа орналасқаны жөнінде хабарланып, жұмыспен қамтылды.

Атап айтқанда, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022-2023 оқу жылында 11 мамандық бойынша 258 түлек диплом алды. Оларға диплом салтанатты түрде тапсырылды. Салтанатты жиынға шақырылған жұмыс берушілер:
1. Жетісай қаласы әкімі аппараты ММ басшысы Н.Бақтияров;
2. «Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Н.Райымбеков;

3. «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясы» директоры Р.Мұсабекова;
4.«Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы» директоры Ш.Нұрбеков;
5.«Жетісай аудандық жастар ресурстық орталығының» бас маманы Ә.Әмір;
6. «Елдос» сауда үйінің және тігін цехының директоры Э.Темірбаева.
Қазіргі таңда оқу орны бойынша 9 бітіруші жұмысқа орналасты.
Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан облысында 630 мыңнан астам жас бар болса, өңірдегі жастар саясатын жемісті жүзеге асырып, азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету «Жастар ресурстық орталығының» тікелей міндеті болып саналады. Тиісінше, аталған орталық бүгінде түрлі бағыт бойынша қызмет атқарып келеді. Солардың бірі – «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімі. Аталған бөлімнің негізгі мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру болып саналады. «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің жетекшісі Дінислам Бимаханбетовтың айтуынша, 2023 жылдың I жарты жылдығында жоспарға сәйкес, облыс көлеміндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 141 758 жасқа кеңес берілген. Оның ішінде 36 401-і білім, 45 490-ы жұмыспен қамту, 54 227-сі кәсіпкерлік, 2796-сы тұрғын үй және 2 834-і өзге де салалар бойынша кеңес алған. Сонымен қатар, «Серпін», «Болашақ», «қысқа мерзімді оқыту», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Студенттік құрылыс отряды», «Жұмыссыз жастарға арналған гранттар», «Бизнестің жол картасы-2025» және «Төмен пайызды несие» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар қажетті ақпаратмен қамтамасыз етілген.

Previous Post

​Шымкентте орманды дала өрттерінің алдын алу бойынша өрт-тактикалық жаттығу өтті

Next Post

Түркістан облысы: Алты мекеме арасында жарыс өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі